Ақтөбеде айналымы жарты миллионға жуық интернет-казино анықталды

Интернет-казино заңсыз қызмет еткен. Мұндағы ойыншылар саны 800 адамнан асады. Бұл туралы ҚР ҚМА ресми өкілі мәлімдеді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Ұйымдастырушылар тыйым салынған сайттарға сілтеме жасап, біржолғы логин және пароль берген. Ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған. ҚМА-ның мәліметінше, интернет-казиноның жалпы айналымы 490 миллион теңгені құрайды. Ал ойыншылар саны 800-ден асады.

Интернет-казиноны ұйымдастырған 3 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Тінту кезінде заттар, құжаттар және ақша тәркіленді.


Құқық
10:19, 25 сентябрь 2023
651
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив