25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды

    25 мың көшеттің  25 пайызы шықпай қалды

    Ақтөбе қаласынан 2 шақырым жерде ашық жатқан қоқыс полигоны енді жасыл желекпен көмкерілмек. Тұрмыстық қалдықтар төгілген қоқыс алаңына 103 мың көшет егіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

    Қалаға тиіп тұрған қоқыс полигоны енді жасыл желекпен көмкерілетін болады. Ақтөбенің ауасын бұзып, экологиялық жағдай тудырып тұрған қоқыс полигонының айналасына 103 мың көшет отырғызылмақ.
    - Бюджеттің қаржысына 103 мың ағаш егеміз. Қалалық су арнасынан екі ұңғыма береміз, полигон басшылығы осы көшеттерді баптап-күтетін болады. Егер биылдан бастап көшет отырғызуды бастасақ, 20 жылдан кейін ол көшеттер үлкен орманға айналады,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

    Қала сыртын көгалдандыру бойынша жиналыста облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе ауасын ластап отырған өндіріс орындарын атап айтты.
    - Ауаның қаншалықты лас екенін өдеріңіз де білесіздер. Әсіресе, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ауаны ластап отырған бірінші нысан. Экологияны бүлдіресіздер ме, демек айналаңызға ағаш егіп,ауаның ластанбауына үлес қосыңыздар. Қазір ағаш отырғызу маусымы басталды, сіздер бұл үшін жауап бересіздер,- деген өңір басшысы өндіріс орындарына тапсырма берді.
    Бердібек Сапарбаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 5 мың ағаш егуді тапсырды.
    Ақтөбенің көгалдандыруға жұмсаған қаржысы желге ұшып жатыр. Көктемде егілген 25 мың көшеттің 25 пайызы өліп қалған.
    - 70 пайызының өскені бұл қуантарлық жағдай. Өліп қалған көшеттердің орнына қайтадан ағаш отырғызу керек,- деді қала әкімі.
    Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл көшеттердің шықпай қалу себебін уақытылы күтіп-баптаудың жоқтығымен түсіндірді. Басқарма басшысының бұл есебіне қанағаттанбаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өтірік айтпауды тапсырды.
    - Баяғы Ливенцовтың кезінде отырғызылған ағаштарды неге күтіп-баптамайсыздар? Қала сыртында қаншама жидек ағаштары бар. Олар әлі күнге дейін қараусыз, жабайы болып өсіп жатыр. Жаңадан ағаш отырғызу былай тұрсын, бұрыннан өсіп тұрған тал-теректерді күтіп-баптауға құлықсыздық танытып отырсыңдар. Жұмыс күші жетпей жатса, жастарды тарту керек. Бұлай отыруға болмайды, намыс керек. Ақтөбені сасық иістен тазартудың бірден-бір жолы жасыл-желек отырғызу, ағаш егу,- деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сапарбаев қаланың ең сасық жерлерін аралады
  • Бердібек Сапарбаев екі шенеунікке сөгіс жариялады
  • Пушкин атындағы саябаққа жас көшеттер отырғызылды
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге