АҚТӨБЕДЕ БАЙ АДАМДАР ТҰРАДЫ

Ақтөбеде ақпараттық тур өтті. Облысқа ат басын бұрған 40-тан астам турист қатарында блогерлер, журналистер, туризм саласының мамандары болды.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Ақпараттық турға Қырғыз Республикасынан және Астана, Алматы, Орал, Тараз, Павлодар, Шымкент, Жетісу, Атырау, Түркістан, Қарағанды, Өскемен, Ақтау қалаларынан туристер шақырылған. Қонақтар бірінші күнді Ақтөбе қаласымен танысудан бастады.

Туристерді Ақтөбедегі өндіріс орындарының көптігі таң қалдырды. Қалада ферроқорытпа, ауылшаруашылығы машиналарын жасау, рентгенаппаратуралар зауыттары секілді ірі кәсіпорындар бар. Ірі индустриалды орталықтың шығысында кен орындары да бар. Қаладағы өндірістің 30 пайызынан көбі металлургиялық, 10 пайызы химиялық өндіріс үлесінде. Облыстағы өндірістік саланың негізін тау кен өндірісі, химия өндірісі және қара металлургия алып отыр. Осындай өндіріс орталығынан ҚР белгілі мәдениет қайраткерлері, әдебиетшілер шыққаны да назардан тыс қалмады. Мешіт пен шіркеудің бір жерде орналасуы, олардың жанынан сауда ойын-сауық орталықтары мен аквапартің орын алуы, мешіттің жанындағы сауда үйі көпшілікті таңдандырмай қоймады.

Қаланы толық аралап болған туристер Ақтөбе ФК-ның астаналықтармен ойынын тамашалауға кірді. Стадион толы жанкүйер мен 13 сектор туристерге әсер етпей қоймады. Әу баста «футбол атаулыны түсінбейміз» дегендердің өзі әсерленіп, стадионмен бірге «...Ақтөбем, мен де сенің жақсы әнің болайын» деп ән шырқады.

Екінші күні туристермен бірге облыстағы табиғаты ерек орындардың бірі Мәртөк ауданына жолға шықтық. Алдымен Аққайың орманына барып, таза ауамен тыныстап, табиғатты тамашаладық. Одан кейін «Зәру» пантыемдеу орталығына жол тарттық. Орталық басшысы қонақтарға қонақ бөлмелері мен көрсетілетін қызмет түрлерін таныстырып өтті. Сонымен қатар жергілікті емдік қасиеті бар шөптер, марал шараушылығы туралы толыққанды ақпарат берілді.

Туристердің басым көпшілігі Байғанин ауданында орналасқан Ақтолағай борлы үстірттерін көруге асық болды. Ақтөбеден кешкі 9-дар шамасында шығып, таңда ?? сағаттық жолды жүріп өткендеріне қарамастан барлығы Ақтолағайдың әсем табиғатына сүйсініп қайтты. Сондай-ақ осы өңірдің «Дубайы» аталып кеткен Аққұмды да аралауға мүмкіндік болды. Үш күнге созылған шара өңірдегі ішкі туризмді, туристік брендті дамыту мақсатында «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығының қолдауымен ұйымдасытырлған.

Жергілікті тағамдардан дәм татып, туристік орталықтарды аралап келген туристер үш күндік сапарды коференциямен қортындылады. Туристер бір күні жасыл желек орманға барса, екініші күні шөлді көрді. Қаланың бір көшесінде шіркеу мен мешітің оның жанында демалыс орындарының барын көріп тағы бір таң қалды. Арғысы Сағи Жиенбаев бергісі Димаш Құдайбергенов шыққан жерде өндіріс орындарының көптігі тағы бар. Көптің ойы «Ақтөбе – алуан түрлі» дегенге саяды.

«ӨЗІМНІҢ БАСҚА ҚАЛАДА ЖҮРГЕНІМДІ СЕЗБЕДІМ»

Ақтөбеге алғаш келуім. Менің алғашқы түйгенім – қала жаңа ғимараттар мен әсем архитектурасымен өте әдемі. Дамыған өнеркәсіп, зауыттар мен коммерциялық үй-жайлар туралы айта кету керек. Себебі бұл жұмыс орындары.

Ақтолағай мен Мәртөк ауданының көрікті жерлеріңн араладық. Ең бастысы, ақтөбеліктердің футболға және футбол командасына деген сүйіспеншілігі. Мені таң қалдырды. Мен футболға бірінші рет барып, осынша әсер алып қайттым.

Ұлттық стильдегі «Сарқыт» мейрамханасы өте жақсы есімде қалды. Тұрғындар үшін де, туристер үшін де талғаммен жасалған басытысы тарихтан сыр шертетін әдемі орын. Жалпы ақтөбеліктердің қонақжайлылығы ұнады. Мен өзімнің басқа қалада жүргенімді сезбедім. Сапардың басынан аяғына дейін айналам жақсы, қамқор адамарға толы болғанына ризамын.

Алмагүл Малғаждарова, «Drive Travel KZ» туристік агенттігінің басшысы, Көкшетау қаласы

«АҚТӨБЕ – ФУТБОЛДЫҢ АСТАНАСЫ»

Ақтөбені «Футболдың астанасы» деп айтады ғой. Соған тағы бір рет көзім жетті. Бүгінгі ойынды екі адам ретінде көрідім. Біріншісі фанат, екіншісі жәй көрермен ретінде. Көрермен ретінде объективті көзқарастамын. Негізі ойын тең болды. Бауыржан Байтана бірден жақсы шабуыл жасады. Арасына бірнеше минут салып Байтананың шабуылымен Шина гол салды.

Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін футбол тамашалауға келгенін көрдім. Бұндай амостфераны соңғы рет Ұлттық құрама ойнағанда көргенмін. Стадиондағы табиғи газонның иісі бөлек әңгіме.

Ақтөбедегі жанкүйер болу мәдениеті басқа. 13 сектор футбол көру үшін келмейді. Амосфера жасап, жанкүйерлер мен команданы рухтандыру үшін келеді. Бір миунтқа тынышталған жоқ. Халыққа эмоция сыйлаумен болды.

Соңғы жағдайлаоға байланысты жанкүйерлеге қысым жасауға болмайды. Ковид кезінде көрдік, жанкүйерсіз қалай болатынын. Боқтық сөз айту да футболдың өзіндік «мәдениеті» Бұл нәрсе Еуропа елдерінде де бар. Ол жақта адамның жекек басына өтіп, отбасына, нәсіліне де тиіседі. Бізде командаға жанкүйер ретінде айтылған сөз ғана. Кеді «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» осы болып қалатын жағдайлар бар. Ақтөбе ММА және футболымен әйгілі. Екеуі де эмоцияның ойындары. Адамдар ішкі эмоциясын тек осылай ғана жеткізе алатын жағдай болуы мүмкін. Бұны Ақтөбенің, адамның мәдениетсіздігі деуге келмейді. Десе де қазақы менталитетпен боқтық сөз айту да уақыт өте басылады деген ойдамын.

Өткен құрамада сақтап қалуға болатын ойыншылыра бар ед. Бүгінгі ойында 5, 6, 7 номердегі ойыншылардың ойыны ұнады. Бапкерден үлкен үміт күте алмаймыз деп ойлаймын. Ақтөбе сияқты ең танымал кулбты бірден алып кету оңайға соқпайды. Бірақ былтырғы нәтиже жаман емес. Жүйені дұрыс қоя білетін тәжірибелі адам болса команда алысқа шабады. Мынандай жанкүйерлермен басқаша болуы мүмкін емес.

Ерғанат Бөкей, спорт блогері, Алматы қаласы

«АҚТӨБЕДЕ БАЙ АДАМДАР ТҰРАДЫ»

Алдымен Ақтөбенің жылы және кәсіби қабылдауы үшін алғыс айтқым келеді. Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Кез келген сапар қызық оқиғалармен есте қалады. Ал ол оқиға жақсы да жаман да болуы мүмкін. Біздің сапарымыз жайлы болды. Неге десеңіз, ұйымдастырушылар тіпті ең қолайсыз жерлерде де бізге ыңғайлы жағдай жасай алды. Ұзақ жол, жолдың нашарлығы, шаң-тозаң барлығын адамдармен жақсы қарым қатынас, кеңпейілділік, жайлы көлік пен дәмді тағамдар, кері байланыс, тіпті жомарт жүргізушілер жауып кетті.

Ақтөбеде ең бай адамдар тұрады екен. Қай жағынан да. «Балық басынан шіридій дейді ғой. Біздің балығымыздың «басы алтын» болғандықтан бәрі әдемі өтті. Бұған дейін Ақтөбенің мұндай әдемі екенін білмеппін. Білсем де осыншалықты үлкен дәрежеде деп ойламаған екенмін. Келгеніме қуаныштымын!

Барлығымыздың ортақ бір мақсатымыз болды. Жерлестермізге шет елге шықпай-ақ өз жерімізде бар әсем жерлерді көрсету. Ол қолымыздан келді деген ойдамын. Менің ғұмырымның ішіндегі жағымды естелікке толы бір сәттер болып есімде қалады.

Марлен Капбар, блогер

«ӨЗГЕ ҒАЛАМШАРДА ЖҮРГЕНДЕЙ»

Сапар бойы жаңа жерлермен, адамдармен таныстық. Ең ереркше есте қалғаны ол әрине Ақтолағай. Табиғаты өте көркем жер. Өзімді өзге ғаламшарда жүргендей сезіндім. Сол жерде түскі асты киіз үйде іштік. Соған қарамастан ұсақ-түейкке дейін ойластырылғаны ұнады. ауылдағы «Инжир» асханасына алғыс айтқым келеді. Деңгейді көрсетіп тастады.

Эмоционалды тұрғыдан Аққұм ұнады. Шет елде жүргендей болдық. Мен оқырмандарым мен таныстарымды қысылмай Ақтөбеге шақыра аламын. Себебі мұндағы турагенттіктер мен көрсетілетін қызметтің сапасына сенімдімін. Олар үшін ұялмайтынымды білемін.

Мен хирург мамаңдығы бойынша Хромтау қаласының Евразия МО жұмыс жасаймын. Бос уақытта саяхаттауды жақсы көрем. Соңғы 3 жылда жолдасымыз екеуміз жабайы және бюджетті саяхатқа шығып көріп жүрміз. Тәжірибеміз туралы қазақша блог жүргіземіз. Қазіргі уақытта Ақтөбе еліміздегі ең үлкен облыс. Табиғаты да алуан түрлі. Сарқырамалар мен орманнан бастап, құмды шөл мен шатқалдарға дейін табиғат көріністерін тамашалуға болады. Осы турға дейін, біз өз еркімізбен Ақтөбенің біраз жердерін аралап шыққанбыз. Жеткізбеген жерлердің бірі Ақтолағай. Жолы қиын және ұзақ болса да, барып көруге тұратын жер екен. Ол жер туралы Қазақстан түгілі, Ақтөбенің жартысы білмейді.

Дәулет Мурсал, саяхатшы, блогер

«АҚТӨБЕ САНКТ-ПЕТЕРБУРГКЕ ҰҚСАЙДЫ ЕКЕН»

 Маған қала ұнады. Біз тұрған аудан таза, жолдары да жақсы. Қаланы бойлай тұратын электр желілерінің тоқтары мен жарнама баннерлері де көзге шалына бермеді. Биіктен түсірілген видеоларда қала Санкт-Петербургке ұқсайды екен. Әсіресе қаз қатар тізілген жаңадан бой көтерген үйлері. Футболдағы жанкүйерлер ерекше әсер етті. Ел патриот, стадион толы болды.

Тынчтык Мухамбетов, саяхатшы блогер, видеограф





Әлеумет
15:46, 05 октябрь 2023
925
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив