Ақтөбеде “Нұр-Ғасыр” мешітін сотқа берген үш азамат талап-арыздан бастартты

    Мешіт жұмысшыларға еңбекақы қарызын толығымен қайтарған. Ал мешіттің іс басқарушысы Бақыткерей Балкенов дөрекі сөйлегені үшін олардан кешірім сұрады.

    Ақтөбе қалалық сотына «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің қазандық операторы Жасұлан Тойлыбаев 1 қыркүйек күні шағым түсірген. Талап-арызға сәйкес, жұмысшылар еңбекақыларынан айрылған. Олар мешіттің бас имамы Төлеби Оспан мен мешіт іс басқарушысы Бақыткерей Балкеновке де жолыққан. Бірақ жұмысшылардың талабына Бақыткерей Балкенов дөрекі жауап беріп, жұмыстан шығарып жіберумен қорқытты.
    Мешітің баспасөз қызметі хабарлағандай, бас имам Төлеби Оспан мешіттің қызметкерлері Б.Балкенов пен Ж.Тойлыбаевтың арасындағы түсініспеушілік жөнінде жиналыс өткізіп, екі жақты ымыраға шақырып, қызметтік этиканы түсіндірген. Нәтижесінде, Ақтөбе сотына арызданған Ж.Тойлыбаев пен қасындағы куәгерлері 13 қыркүйек күні өз арыздарын қайтарып алған.
    27 қыркүйек күні қалалық азаматтық сотта осы істің үкімі шықты. Сот процесінде Жасұлан Тойлыбаев, Нұрлыбек Мұқанов, Әділхан Айтқайыр талап-арыздан бастартты.

    “Талап-арыздан толығымен бастартамын. Себебі жалақымды толығымен қайтарды. Моральдық залалды өндіруден бастартамын”, - деп әрқайсысы біп-бірдей арызды сотқа ұсынды.
    Мәселенің анық-қанығын мешіт іс басқарушысы Бақыркерей Балкенов түсіндірді. Оның айтуынша, жұмысшылардың еңбекақысы біршама жоғарылаған. Сөйтіп, олар бір жыл бойы 60 мың теңге жалақы алып отырған. Бірақ өткен жылдың желтоқсан айында қызметкерлердің айлығы 5 мың теңгеге қиылған.
    - Содан бері шағымдар басталды. Ал жалпы уақытылы беріліп тұрды. Еңбек инспекциясы барлық құжатымызды тексеріп, ешқандай заң бұзушылықты таппады. Енді ай сайын тұрақты болатын табыс көзіміз жоқ. Жылына бір рет пітір садақа болады. Сол кезде есептесеміз, - дейді ол.
    Алайда ақшасынан қиылған жұмысшылар шағым айтуды доғармапты. Осындай дау-дамайдың бірінде мешіт іс басқарушысының ауызынан дөрекі сөз шығып кетіпті. Нәтижесінде жұмысшылар сотқа арызданған.

    - Мен оларды сөкті деп арызда келтірілген. Мен олай дегенім жоқ. Мүмкін біреулердің ықпалына түскен шығар. “Қазір қалада жұмыс жоқ. Босқа арыздасып жатырсыздар”, - деп айтқанмын. Сыртта орналасқан қазандықта қызметкерлердің бөлмесі бар. Сонда “есекбас” деп айтып қалған едім. Соны жазған ғой. Кейін олардан кешірім сұрадым. Айтқаныма өкініп отырмын. Мешітте 5 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Бірақ мұндай арыз-шағымдар бұрын-соңды болмады, - дейді мешіт іс басқарушысы.
    Айта кетейік, арыз берген азаматтың екеуі өз еркімен жұмыстан босаған. Бақыткерей Балкеновтың мәлімдеуінше, қазандық операторы боп жұмыс істейтін қалған екі қызметкер жұмыстан шығарылмайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жұмыстан қуылған 9 полицей ІІД-мен соттасып жатыр
  • Ақтөбеде 100 отбасыға көмек көрсетілді
  • Теміржолшылар 6 айдан бері жалақысыз жүр
  • Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз

  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге