Қоғамдық қорғаушы: Әкімгерей Көшербаевты заңсыз ұстады

    Сондай-ақ, Әкімгерей Көшербаев пен оның жұбайы Сағадат Сырбаеваға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері қысым көрсеткен, деп хабарлады “Kerek.info” газетіне Гаухар Сисенбаева.

    Қоғамдық қорғаушы Гаухар Сисенбаеваның айтуынша, Ақтөбе қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Лида Оралбаева Әкімгерей Көшербаевтың үйіне келіп, ақша бергісі келген. Бірақ Көшербаев оның қандай ақша туралы әңгімелеп тұрғанын түсінбей, ақшаны алмаған. Содан кейін Лида Оралбаева тез арада үйден шығып кетеді. Бірнеше минуттан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері басып кірді.
    - Көшербаевты 13 наурызда қамаса, ешқандай санкциясыз оны 1 тамызға дейін түрмеде ұстаған, - дейді Гаухар Сисенбаева.
    Оның айтуынша, осылайша Көшербаевқа психологиялық қысым көрсетілмек болған.

    - “Сенің жұбайың бәрін мойындады, үйге қайтқың келсе, мойындай сал” деп маған қысым көрсетті. Жұбайыма да дәл солай қысым жасады, - деп мәлімдеді сот процесінде Әкімгерей Көшербаев.
    Тергеу мәліметтерінде шенеуніктің жұбайы Сағадат Сырбаева №18 мектептің директоры Серік Тойшымановтан 500 мың теңге алды делінген. Бұл ақша №18 мектептің аттестациядан сәтті өтуіне арналған. 10 қаңтар күні №10 мектепте директорлар жиналысы өтеді. Тойшыманов жиналыс басталмай тұрғанда Сырбаеваға ақша берген делінген іс материалдарында.
    Алайда ашық сот процесінде куәгер болған мектеп директорлары Алтын Кисыкова, Индира Бексұлтанова және №43 “Балдәурен” мектепке дейінгі оқу орын меңгерушісі Бақытгүл Жетесова Сырбаеваның жиналыстың басында болмағанын, сондай-ақ оның кешігіп келгенін айтты. Оның үстіне №18 мектеп аттестациядан өтпей қалған. Дегенмен, Серік Тойшыманов өз сөзінің растығын алға тартты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әкімгерей Көшербаев “қылмысын“ мойындамай отыр
  • “Әкімгерей Көшербаевтың ісі” сотқа жетті
  • Білім бөлімімен дауласқан мектеп директоры сотта жеңіліп қалды
  • Жуырда Өндіргеновтің соты басталады
  • Әкімгерей Көшербаевқа “пара алды” деген айып тағылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге