Дін жолында жүрген кәсіпкерлер несие алуды “күнә” деп санайды

    Ақтөбе облысында күнкөріс үшін шағын бизнес ашып, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген дін жолындағы ауыл тұрғындары қарыз алуды “күнә” деп есептейді. Пайызсыз несие алуды көздейтін олар Ислам банкінің ашылғанын қалайды. Бұл жөнінде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина айтты.

    Қазір Ақтөбе облысында Бас Прокурор Жақып Асанов бастаған 200 адамнан тұратын топ жүр. Аймақтағы елдімекендер мен аудан орталықтарын аралап жүрген мемлекеттік қызметкерлер халықпен 7 бағыт бойынша жұмыс жасауда. Осы топ құрамында “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина Мұғалжар ауданына барып қайтқан. Ауылдағы шағын кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін несие алудың жолдарын түсіндірген ол дін жолында жүргендердің несие алуға оң қабақ танытпайтындығын байқаған.
    -Шағын кәсіпкерлерге көмек бағыты бойынша Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарын араладық. Ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашу үшін несие алудың жолдарын түсіндірдік. Мұғалжар ауданының өзінде дін жолында жүрген 2-3 адамды қабылдадым. Оларға кәсіп ашу үшін ең төменгі 6 пайызбен несие алуға болатындығын түсіндірдім.Алайда олар: “Бізге несие алуға болмайды. Ол дұрыс емес. Күнә болып саналады. Сол себепті бізге Ислам банкі керек, себебі онда пайыз жоқ”,-дейді. Бұған дейін біз Ислам банкі арқылы қарыз алушыларға несие беріп келген едік. Биыл қаржы болмағандықтан, тоқтап тұр. Онда пайыз туралы түсінік жоқ, бірақ сыйақы деген бар. Мұнда қандай айырмашылық барын түсінбедім. Өйткені, пайызсыз алғанмен, бәрібір ақша төлеуіне тура келеді,-дейді Гүлжанат Қойбағаровна.

    Ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашу үшін несие берумен айналысатын мекеме басшысы дін жолында жүрген кәсіпкерлердің көбісі мал шаруашылығымен және металл қабылдап өткізумен айналысатындығын айтады.
    -Қабылдауымда болған адамдардың арасында мал шаруашылығымен және металл саудасымен айналысатындар да болды. Байып кетпесе де, күнкөрістерін айырып отырған адамдар. Көздерінде от жанып тұр, жақсы идеялары да бар. Алайда қарыз алуға үзілді-кесілді қарсы. Біз оларға несие беруге әрқашан дайынбыз. Мен оларға “Даму” қоры мен кәсіпкерлік палата арқылы мемлекеттен грант алуға болатындығын түсіндірдім. Бұл қаржы пайызсыз, әрі үкіметке қайтарылмайды. Бірақ барлығына бірдей берілмейді. Үміткерлерге қатаң шарт қойылып, жеңімпаздар комиссия арқылы іріктеледі. Жоба тың әрі бұрын-соңды болмаған ноу-хау, ерекше технология болуы керек. Жыл сайын 70-тен астам өтініш түседі. Бар болғаны 10-15 адамға беріледі, -дейді ол.
    Әзірге қор қызметкерлері Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарына барып қайтқан. Енді Хромтау, Алға мен Ақтөбе қаласындағы елдімекендерде халықпен кездесулер ұйымдастырмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Банктер ауыл кәсіпкерлеріне несие беруге құлықсыз
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды
  • Кәсіпкерлер назарына!
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге