Бердібек Сапарбаев: Құрттан да пайда табуға болады

    Өңірде өндіріс көлемі мен инвестиция тарту жұмысы ақсап тұр. Ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау болғанмен, мал басының өсімі 1-3 пайыздан аспайды. Бұл жөнінде 9 айды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

    Аудан әкімдері тағы да сынға ұшырады
    Облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған өңір басшысы аудан әкімдерінің жұмысын тағы да сынға алды. Облыстың Қарғалы, Қобда, Ырғыз , Алға, Мәртөк аудандарында сүт пен ет өңдейтін бірде-бір цех жоқ. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да 2,5 есе азайып кеткен. Құрылыс жұмыстарының қарқыны да төмен. Экономикаға жауапты облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметовтың айтуынша, мұнай қоры да таусыла бастаған. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "ҚазақОйлАқтөбе" ЖШС секілді ірі мұнай компаниялары ұңғымаларда мұнай көлемі азайғанын, қысымның түсіп кеткенін алға тартып отыр. “Восходориел” мен “Восходхром” кәсіпорындары да жарты жылдан бері жұмыссыз тоқтап тұр. Оған шикізат сатып алатын зауыттың жабылып қалуы себеп. Ал "Қазақойл Ақтөбе " серіктестігі Қожасай кен орнында зауыт салуға ұсыныс жасады. Қытайлық компаниямен бірлесе салынатын зауыт жылына қосымша 300 миллион куб сұйытылған газ өңдеуге мүмкіндік береді. Инвестиция тарту жұмысына келер болсақ, 9 айда экономиканы көтеруге 211,2 миллиард теңге жұмсалған. Инвестиция көлемі Ырғыз, Ойыл, Мұғалжар, Алға аудандарында төмендеген. Алайда жыл соңына дейін тағы 159 миллиард теңге инвестиция тартылуы қажет. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов бұл тапсырманың орындалатындығын айтып сендірді. Бұл сөзге күмәнмен қараған әкім нақты нәтиже болуы керектігін ескертті. Ал ауыл шаруашылығына жа-уапты әкім орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, инвестиция көлемі 8 млрд теңгеге жетті. Алайда Қобда, Мәртөк, Ойыл және Темір аудандарында тамақ өнеркәсібіне бірде-бір инвестиция салынбаған. Биылғы егін түсімі жақсы болғанмен, жекелеген шаруа қожалықтарының көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Бердібек Сапарбаев өңірде тары, арпа секілді дәнді дақылдармен қатар оңтүстікке тән мақсары мен жүгеріне өсіруге кеңес берді.

    Көл жәндігінің пайдасы шаш-етектен
    -Көкөніс пен мал басын көбейту қажет. Ол үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын бастау керек. Ешкі, жылқы, түйе , ара, қоян мен балық санын көбейтуге көңіл бөліңдер. Ең ақыр аяғы , құрттан да пайда табуға болады. Артемия құртының грамы 20-25 доллар тұрады. Бұл көл жәндігі Ырғыз бен Шалқар жақта көп. Біз мұны пайдаланбаймыз,-деді әкім.

    Жиын барысында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған шаралар да пысықталды. Мерейтой аясында 25 мың ақтөбелік жастың қатысумен қара жорға биі биленбек. Бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, әуеге ел тәуелсіздігінің жетістіктері жазылған 25 мың шар ұшырылмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Скандинавия елдері Ақтөбе облысына инвестиция құймақ
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті

  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Қытай тағы да Ақтөбе өңіріне инвестиция салмақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге