Ақтөбеде жыл басынан тұрғын үйлерде 150-ден аса өрт болған

    Ақтөбеде жыл басынан бері өрттен екі адам қаза тауып, 17 тұрғын зардап шеккен. Оның 10-ы газдан уланған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мәлімдеді.

    Мамандардың айтуынша, ауа райы бұзылып, күннің күрт суысымен елімізде тұрғындардың газ исінен улануы артқан. Сондықтан өрт сөндірушілер бірінші кезекте саяжайдағы тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндіруді бастап кетті. Себебі қала аумағынан шыққан өрттің 70 пайызы тұрғын үйлерде болады екен. Ақтөбеде жыл басынан бері 154 тұрғын үй өрті болған. Бұл өткен жылға қарағанда 20 пайызға азайғаны дейді мамандар. Өрттен биыл екі адам қаза тауып, 17 тұрғын зардап шеккен. Оның 9-ы улы газдан тұншыққан. Қалғандары жолдағы көлік өрті мен үйде тұтанған жалынды өз бетімен сөндіремін деп әрекет жасап күйік жарақатын алғандар.
    - Өрттің алдын алу үшін пешті алдын ала қыс мезгіліне тыңғылықты дайындап алу керек. Түтін шығатын мұржаларды тексеріп, ішін тазартып, тепештердің жарықтарын бітеп, үстіндегі темірлері сынған болса, бүтіндеп қою керек,- дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жұмаш Мейрамғали.

    Бас маманның түсіндіруінше, пешті жағуға бензин, керосин, дизельді жанар май және басқа да жеңіл тұтанғыш жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Есігі ашық пешті жағуға және жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген зат пештен кемінде жарты метр қашықтықта тұруы қажет. Мамандар өртке қатысты осы және өзге де кеңестермен тұрғындарды құлағдар етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тұрғын үй бағасы өсті
  • Ақтөбеде зауытта жарылыс болып, екі адам қаза тапты
  • Биылдыққа 21 ақтөбелік өрттің құрбаны болды
  • Ақтөбе төтенше жағдайға дайын
  • Саяжайдағы жарылыс кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” слесары зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге