Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді

    Ақтөбе қаласында мұсылман дінін ұстанған 186 оқушы білім алып жүр. Олардың 146-сы қыздар болса, қалғандары ер балалар. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева айтты.

    Оның айтуынша, барлық оқушылар мектеп формасын сақтайды. Қыз балалар ақ орамал тағады. Хиджаб киетін оқушы жоқ. Теологтар мен писхологтар бірыңғай мектеп формасын сақтау керектігін және діни мазмұндағы хиджаб киюге рұқсат жоқ екендігін ата-аналарға үнемі түсіндіріп отырады. Оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін де жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл бұл мақсатта қыркүйек айында Ақтөбедегі № 18,31,40, 26,45,49 және Новый орта мектептерінде әңгімелесу жүргізілген. Дегенмен білім бөлімінің басшылығы түрлі діни ағымдардың жетегінде жүрген оқушылардың болғандығын жоққа шығармайды. Бұған өткен жылы қараша-желтоқсан айларында қала мектептерінде теологтар мен писихологтың қатысуымен жүргізілген әңгімелесулер дәлел. Кірпішті елді мекеніндегі № 18 орта мектепке қазір орамал таққан 9 оқушы сабаққа барып жүр. Мектеп директоры Серік Тойшымановтың айтуынша, олардың басым бөлігі жоғары класс оқушылары.

    - Қазір біздің мектепте орамал тағып жүрген 9 қыз бала бар. Олардың көпшілігі 9-11 класс оқушылары. Жетеуі ағайынды адамдардың балалары. Ата-аналары дін жолын ұстанады. Биыл оқу жылының басында “Заңға өзгерістер енгізілді, орамал тағуға болмайды” деп қарсылық білдірген едік. Ата-аналарының үйіне барып та сөйлестім. Бірақ ата-аналар да, оқушылар да орамалды шешуге түбегейлі қарсылық білдірді. Бастарына ақ орамал таққанмен, мектеп формасын сақтап жүр. Қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр, заң күшіне енсе ормалдарын шешеді деп ойлаймын,- дейді ол.
    Мектеп директоры қазір оқушылар арасында жат ағымдардың алдын алу жұмыстарының күшейгенін айтып отыр.
    - Қазір оқушылармен діннің басқа ағымына кетіп қалмауы үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ай сайын теологтар келеді. Аптасына орыс-қазақ кластарына бір сағат дінтану пәні жүргізіледі. Орамал тағып жүрген оқушылардың басқа балалардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Төртеуі - оқу үздігі. Дене шынықтыру пәнінде спорттық киімдерін киеді. Түрлі қоғамдық шараларға белсене қатысады. Қоғамнан ешқандай оқшауланбайды. Жақында біреуі “Алтын күзге” қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Ата-аналарының бұған ешқандай қарсылығы жоқ,-дейді Серік Тойшыманов.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі, Әділет министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мектептерде хиджаб киюге жол берілмейтіндігін мәлім еткен болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Оқушылар күзгі каникулға ерте шығады
  • Астаналық мұғалім орамал тағатын оқушылардың көптігіне таң қалды
  • Бірыңғай мектеп формасы: үміт пен күдік
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Мектеп формасын әр ата-ана өздері тіктірулеріне болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге