Ақтөбелік террористер не үшін лаңкестік әрекетке барғандарын түсіндірді

    Ақтөбеде 5 маусым күні теракт жасаған Әбдірахманов пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр. Сот отырысы кезінде күдіктілер қанды оқиғаға не үшін барғандарын түсіндіріп берді деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

    Жабық сот процесі басталғаннан бері 66 жәбірленуші мен 41 куәгерден жауап алынған. Қазір сотталушылардан да жауап алынып жатыр. Облыстық соттың хабарлауынша, Күдіктілер террористік топтың қызметіне қатысқанын жоққа шығармайды, алайда адам өлтіргені үшін өздерінің кінәлі екенін мойындамай отыр. Десе де жасаған істеріне өкінеді.
    - Күдіктілер өздерінің лаңкестік оқиғаға Д. Таңатаров пен А. Айтуғанның үгітіне ергендіктен барғандығын айтады. Олар сотталушыларды жергілікті құқық қорғау органдары мұсылман бауырларды қудалап, дін жолында жүрген апа-қарындастарын зорлайды деп сендірген. Жиналғандарды қаладағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіруге шақырған . Лаңкестік әрекетке қатысушылардың бірінің сөзінше, барлығы өте тез және күтпеген жағдайда болған, -деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
    Қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатқан сотталушылар да өз істеріне өкініп отыр. Олар бұл әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын білмегендіктерін айтады. Қылмыстық іс қазір күдіктілер қамауда отырған КА-168/1 тергеу изоляторында қаралып жатыр. Мұндай шешім куәгерлердің, зардап шегушілердің және сот процесінің басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін қабылданған.
    Естеріңізге сала кетелік, 5 маусымда болған лаңкестік оқиғаға қатысты барлығы 29 адамға айып тағылуда. Олардың 9-ы лаңкестік оқиағаға тікелей қатысқаны үшін, қалған 18-і қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылуда. Ал тағы екі адамға қылмысты жасырғаны үшін күдік келтіріліп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Террористерге қатысты сот процесі жабық өтуде
  • Ақтөбеде террористерге қатысты сот процесі жабық өтетін болды
  • Ақтөбеде 18 қазан күні террористердің соты басталады
  • Теракт туралы хабарламаған 10 адам қамауға алынды
  • “Сирия ісі” құпия қаралып жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге