Алаяқтығы үшін айыпталған Әкімгерей Көшербаев соттан өзін ақтап шығуды сұрады

    Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаев бүгін сотта соңғы сөзін айтты. Мектептерді мемлекеттік аттестациядан өткізгені үшін пара алды деп айыпталған шенеунік соттан өзіне ақтау үкімін шығаруды сұрады.

    Әкімгерей Көшербаевтың айтуынша, оның “қылмысын” дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ. Соған қарамастан тергеу органдары оның адал атын қаралағысы келеді.
    -Мен департамент басшысы қызметін атқара жүріп, аудандық білім бөлімінде жүйелі түрде қайталанатын қателіктерді көрдім. Осы кемшіліктерді жойып, мұғалімдердің шеберлігін шыңдауға жағдай жасағым келді. Мектеп қыста салқын болмаса, жазда уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қалғанына бас ауыртпайтын мектеп директорлары да бар. Мен барлық балалардың денсаулығына, қай жерде тұрғанына қарамастан сапалы білім алғанын қалаймын. Бірақ қазір мен бұл жұмысты жасаудың орнына ақталуға мәжбүрмін. Сотта барлық қатысушылар тергеушілердің фактілерді бұрмалағанына куә болды. 30 адамнан тұратын жедел тергеу тобы облысты аралап, маған қарсы айғақ іздеумен айналысты. Бірақ ештеңе таппады. Зардап шегушілер жазған шағым мәтіндерінің де біреудің айтуымен жазылғаны байқалады,-дейді ол.
    Өзінің еш кінәсі жоқтығын айтқан Әкімгерей Көшербаев өзін ақтап шығаруын сұрады.
    - Бас прокурор Жақып Асанов прокуратура алқасында ақтау үкімін шығарудан қорықпауға шақырған еді. Өз сөзінде "Біз іс сотқа түссе болды, демек соттау керек деген қасаң қағиданың тұтқынына түсіп қалғанбыз. Осы нәрсе прокуратураның құқық қорғау рөліне нұқсан келтіріп, оны тұрғындар алдында жазалаушы органға айналдырады, ақпарат құралдарындағы теріс пікір де осыдан шығады" деген еді. Прокурорлардың айыптаумен келісіп, істі сотқа жіберген басшылық тарапынан жасалатын қысым себебінен көбіне айыптау үкімін шығаруды сұрайтындығын айтқан. Маған қарсы істің тергеу кезінде-ақ қолдан жасалғаны белгілі болды. Соған қарамастан, прокуратура пікірін өзгертпеді. Мен көптеген қызмет жолынан өттім. Қала әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, бірнеше мектептің, колледждің директоры, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары болдым. Министрлікте жұмыс істедім. Алайда осы уақытқа дейін мол байлық жинаған емеспін. Мен мұнымен мақтанбаймын, ұялмаймын да. Менің пәтерім де ипотекалық несиеге алынған. Әлі 7-8 жыл несие төлеуім керек. Несиеге алған көлігім бар. Бірақ мен мұны жаман деп ойламаймын. Басымда баспанам, отбасым мен балаларым бар. Балаларымның тамағы тоқ, көйлегі көк. Бастысы адал атым бар. Бірақ қазір менің адал атымды тартып алғысы келеді. Облыста мені қолдайтын адамның көп екенін білемін. Олар мені ақталып шығады деген сенімде. Маған ақтау үкімін шығаруыңызды сұраймын,-деді Әкімгерей Көшербаев өзінің соңғы сөзінде.
    Үйқамақта отырған шенеунікпен қоса оның жұбайы Сағадат Сырбаеваға да айып тағылуда. Бұған дейін мектеп директоры болып жұмыс істеген ол да өзінің ешкімнен пара алмағанын айтып отыр. Даулы іске сот ақырғы нүктені алдағы аптада қоймақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қоғамдық қорғаушы: Әкімгерей Көшербаевты заңсыз ұстады
  • Әкімгерей Көшербаев “қылмысын“ мойындамай отыр
  • “Әкімгерей Көшербаевтың ісі” сотқа жетті
  • Білім бөлімімен дауласқан мектеп директоры сотта жеңіліп қалды
  • Әкімгерей Көшербаевқа “пара алды” деген айып тағылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге