Ақтөбеде алаяқтығы үшін айыпталған шенеунік сот залынан қамауға алынды

    Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаев үш жылға сотталды. Бұған дейін үйқамақта отырған оны бүгін сот залынан кісендеп алып кетті.

    Ақтөбеде бүгін мектептерді мемлекеттік аттестациядан өткізгені үшін пара алды деп айыпталған облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы мен оның жұбайына қатысты сот үкімі шықты. Сот Әкімгерей Көшербаев пен оның жұбайы Сағадат Сырбаеваны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үш жылға бас бостандығынан айрылған шенеунік жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Бұған қоса ол өмір бойына мемлекеттік органдарда басшылық қызметті атқару құқығынан айрылды. Ал Елек орта мектебінің бұрынғы директоры Сағадат Сырбаеваға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі.

    Сот Әкімгерей Көшербаевты Шалқар ауданы Қауылжар бастауыш мектебінің меңгерушісі мен Қосестек орта мектебі директорының орынбасарынан пара алғаны үшін айыпты деп тапты. Ал 500 мың теңге пара алды делінген №18 мектеп директоры Серік Тойшымановқа қатысты дерек бойынша ақтап шықты. Алайда оның жұбайы Сағадат Сырбаева дәл осы айыптау бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкіміне сәйкес, ол №18 мектеп директорынан 500 мың теңге пара алған. Бұл ақшаны ол жұбайына беріп, мектепті мемлекеттік аттестациядан сәтті өткізуге көмектеспек болыпты.
    №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов сотталушылардың мүлкін тәркілеп, зардап шегушілерге келтірген шығынды өндіруге міндеттеді. Әйткенмен сотталушылардың туыстары мен әріптестері бұл үкіммен келіспейді. Сот үкімін естіген сәтте көз жастарына ерік берген олар бұл істің тапсырыспен жасалғандығын айтады.

    -Істе ешқандай айғақ жоқ. Олар ешқандай ақша алған жоқ. Қолма-қол ақша алып не беріп жатқаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Бұл – қаралау, яғни тапсырыс. Біз оларды ақтап алатындығына сенген едік. Бірақ бәрі басқаша болды. Біз қарсы шағым түсіреміз. Ақтап аламын. Өйткені екеуінің де кінәсі жоқ,- дейді Әкімгерей Көшербаевтың қоғамдық қорғаушысы Гаухар Сисенбаева.
    Үкімге наразы топ енді Бас прокурор мен Президентке шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алаяқтығы үшін айыпталған Әкімгерей Көшербаев соттан өзін ақтап шығуды сұрады
  • Қоғамдық қорғаушы: Әкімгерей Көшербаевты заңсыз ұстады
  • Әкімгерей Көшербаев “қылмысын“ мойындамай отыр
  • “Әкімгерей Көшербаевтың ісі” сотқа жетті
  • Әкімгерей Көшербаевқа “пара алды” деген айып тағылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге