“Естелік кітабының” электронды нұсқасы жарық көреді

    Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен ақтөбелік жауынгерлер туралы ақпарат жиналып жатыр. Олардың есімі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай дайындалып жатқан “Естелік кітабының” электронды нұсқасына енеді.

    “Естелік кітабының” электронды нұсқасына майдангердің есімін енгізу үшін Ұлы Отан соғысына қатысқанын дәлелдейтін құжаттардың түпнұсқасы мен фотосуреттерін тапсыру керек.Құжаттар Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Совет Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде қабылданады.
    Өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің бас маманы Әлия Шалманованың айтуынша, осы уақытқа дейін музей қызметкерлерінің күшімен және жекелеген азаматтардың сұранымы бойынша 100-ге жуық есім анықталған.
    Әлия ШАЛМАНОВА, өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің бас маманы:
    - Өтініштерді қабылдау алдағы уақытта да жүргізіле береді. Шектеу қойылмайды. Барлығы жүйеленіп, электронды кітапқа енгізіледі. Электронды кітаптың нақты қай күні дайындалып бітетіні белгісіз.
    “Естелік кітабының” І-V томдары 1993, 1994 жылдары шыққан. Жеңістің 65 жылдығына орай 2010 жылы да жарық көрді. Жеңістің 70 жылдығына орай кітаптың электронды нұсқасы әзірлену үстінде.

    Айта кетейік, кітаптың электронды нұсқасына осы уақытқа дейін “Естелік кітабына” кірген есімдер қайта енгізілмейді. “Естелік кітабының” электронды нұсқасы Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің http://muzei-alii.kz сайтына орналастыру жоспарлануда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Марал Қаржауов туралы естелік
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Әлияның сіңлісі Монаковаға баруға қаржы таппай отыр
  • Облыстық музейге жаңа ғимарат берілмейді
  • Ақтөбеде “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге