Марал Қаржауов туралы естелік

    Марал Қаржауов  туралы естелік

    Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындаған сайын редакциямызға шалынған қоңыраулар көбейіп, хаттар толассыз ағылуда. Өйткені, Ақтөбе өңірінде соғыс өрті шарпымаған шаңырақ жоқтың қасы.

    Ақтөбе облысы, Новоресей ауданының тумасы Марал Қаржауов 1922 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Сұрапыл соғыс басталған кезең Марал Қаржауовтың жігіттік шағымен тұспа тұс келді. Жиырма жастағы жігіт 1942 жылы 23 наурызда әскер қатарына шақырылады. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында Саратов қаласынан 45 шақырым жерде қосалқы полк-те дайындықтан өтіп, майданға аттанған.

    Дайындықтан өткен Марал Қаржауов 1942 жылғы 1 мамырда 54-ші армияның 198 атқыштар дивизиясының 1027 атқыштар полкіне келіп қосылады. Саперлар взводында ефрейтор атағын алып, 1942 жылы 07 атқыштар ротасына ауысады. Осында бөлім командирі болып жүріп, жаудың ДЗОТ-ын алғандары үшін “Ерлігі үшін” (“За отвагу”) медалімен наградталған.

    Марал Қаржауов 1943 жылы 10 ақпанда атқыштар ротасының старшинасы болып тағайындалады. Артынан пулеметшілер ротасына старшина болып ауысады. Осы жылдың тамыз айында 54-ші армияның жанындағы кіші лейтенанттарды дайындайтын курсқа жіберіліп, оны бітірген соң атқыштар полкына оралып, пулемет взводының командирі қызметін атқарады.
    1944 жылы кеудесінен ауыр жарақат алып 17 тамызға дейін Молотов облысының Нытва қаласында әскери госпиталге түскен. 1944 жылы ІІІ Беларусь майданындағы 28 армияның 54 гвардиялық атқыштар дивизиясындағы 163 гвардиялық атқыштар полкіне келеді. Польшаның жерінен Восточная Пруссияға басып кіріп, шекарадан 40 шақырым жердегі Шталлупёнен (Stallupönen) қаласына дейін жауды қуады.

    Соғыстан соң...
    Соғыс аяқталып, елге аман-есен оралғанымен жаралы жауынгердің жағдайы бірден оңалып кеткен жоқ. Дегенмен, аман оралды. Оны күткен бауырлары үшін де бастысы осы еді.Соғыстан соңғы халықтың жағдайы да мәз емес болатын. 1946 жылдан 1952 жылға дейін Марал Қаржауов туған жерінде түрлі жұмыстар атқарады. 1947 жылы болашақ жары Қалимамен танысып, отбасын құрды. Әке атанды. 1955 жылы Шымкенттің құрылыс техникумын бітіріп, “Актюбсельстрой” тресіне инженер-техник болып орналасады. 1979-82 ж.ж. Новый совхозында аға шебер, прораб қызметтерінде жүріп, зейнетке шыққан.
    Марал Қаржауов 82 жасқа қараған шағында 2004 жылғы
    8 мамырда қайтыс болды. Уақыт жылжып бара жатқанымен, елі үшін қан кешкен ерлер ешқашан ұмытылмақ емес. Өйткені, ерлік ұрпақ үшін - ұлы мұра.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 400 жер учаскесі берілді
  • Тәжік-ауған шекарасында қаза болғандар еске алынды
  • Соғыс жылдарындағы Ойыл
  • Сейітжан Төлемісов туралы естелік
  • Бразилиядағы футбол академиясына 26 бала аттанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге