Күшті аяз өзбектер мен қырғыздарды әбігерге салды

    Ақтөбе облысында күшті аяз Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарын әлекке салды. Көліктері бұзылған шетелдіктер жылыту пункттерінде аялдауға мәжбүр болды. Бұл жөнінде облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

    Төтенше жағдай 20 қараша күні Самара –Шымкент тас жолының 931 шақырымында болған. Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылының маңында “Фольксваген” маркалы автокөлік бұзылып қалған. Көлік салонында 22 жолаушы болған. Олар Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары болып шықты. Құтқарушылар көмегімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының маңындағы “Нұрлыжол” кафесіне орналастырылды. Бір тәуліктен соң көлік жөнделіп, жолаушылар өз сапарын онан әрі жалғастырды.

    Дәл осы күні Өзбекстанның 40 азаматын тиеген автобус Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылында тоқтауға мәжбүр болған еді. Бішкектен Мәскеуге бағыт алған жолаушылар әлі жолға шыға алмай отыр. Көліктің от алдыру жүйесі істен шыққан. Сол себепті сапарларын одан әрі жалғастыру мүмкін болмай отыр. Қазір 40 жолаушы жылыту пунктіне орналастырылып, сол жерде күтіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хромтауда апатқа ұшыраған қырғыз азаматтары емнен бас тартты
  • Ақтөбеде жолаушылар автобусы өртенді
  • Ақтүтек боран көлік қозғалысын қиындатып жіберді
  • Ақтөбенің территориясында 24 көлік қар құрсауында тұр
  • Ырғызда жол апатынан 5 адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге