Ақтөбелік аспаз студенттер сынға түсті

    Ақтөбелік аспаз  студенттер сынға түсті

    Ақтөбелік студент-аспаздар өз шеберліктерін сынға салды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шараға Ақтөбе облысының “Аспаз” және “Кондитер” мамандығы бойынша 10 студент қатысты.

    Төрт турдан тұрған сайыста аспаз мамандығына білім алып жатқан студенттер өз шеберліктерін көрсетті. Бір-бірінен ерекшеленуге тырысқан конкурсанттар түрлі торттар мен тағамдарды креативті түрде рәсімдеуге тырысқандарын айтады. Сайысқа қазақтың ұлттық тәттісі жент дайындап әкелген Қобда аудандық колледжінің студенті Максим Гладков қазақтың ұлттық тағамдарын ұнататынын, жиі дайындайтынын айтады:

    - Кішкентай кезімнен анаммен бірге жағаласып асүйде бірдеңелер жасап жүретінмін. Тамақ пісіруді қатты ұнаттым. Бұл ер адамның ісі емес деп отырмадым. Керісінше, әлемдік танымал аспаздар ер кісілер екені белгілі. Ер адамдар жасаған тағамның ерекше дәмі болады дейді. Мен қазақтың тағамдарын жақсы көремін, әрі дайындаймын. Бауырсақ қуырып, жеті нан, жент жасап, айран ұйытамын. Ет асамын. Мұның бәрін біреуден үйренген жоқпын, бала кезімнен көзім көріп өстім,- дейді.

    Басқа сайыскерлерден ерекшеленіп, сахнаға қазақ ұлттық киімімен шыққан Диана Глубокова Ақтөбе сервис колледжінде оқиды.
    - Аспаз болған адам жерде қалмайды деп есептеймін. Аспаз болу тек рецепт бойынша тағам дайындау емес. Колледжге оқуға түскенге дейін мен де солай ойлайтынмын. Бірақ, аспаз деген мамандықтың қыр-сырын үйренгелі, ол пікірімнен қайттым. Нағыз аспаз болу үшін диплом емес, адамның жан дүниесі керек,- дейді.
    Аспаздық өнерлерін ортаға салған студенттер Ақтөбе облысының әр аудандарында және қаладағы оқу орындарында оқиды.

    Сайыс қорытындысы бойынша
    Бас жүлдені Ақтөбе техникалық колледжінің 3-курс студенті Бауыржан Өмірзақов жеңіп алды.
    Жүлделі І-орын Ақтөбе сервис колледжінің студенті Әділ Есеновке бұйырды.
    ІІ- орынды техникалық колледждің студенті Диана Глубокова мен Айболат Шымқай тең бөлісті.
    ІІІ орынды Алғадан келген Райхан Кеңесова, қобдалық Максим Гладков және Ләйла Нұрсұлтан қанжығасына байлады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер халықаралық байқауда жүлделі болды
  • Ақтөбелік студент белбеу күресінен ІІ орынды жеңіп алды
  • Ақтөбелік студент қыз 10 минуттың ішінде гір тасын 94 рет көтерді
  • Медицина университетінің екі студенті қайтыс болды
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге