Екі мүгедек баласы бар отбасы көмек сұрайды

    Екі мүгедек баласы бар отбасы қазір біреудің ескі сарайын жалдап отыр. Ерлі-зайыптылар тұрып жатқан үйдің ішінде ешқандай жағдай жасалмаған. Тіпті аула да жоқ. Отанасы басқа жерге көшкісі келсе де, пәтер жалдаушылар екі ауру баламен еш жерге алмайтынын айтады.

    Жайнагүл Санаеваның екі ұл, бір қызы бар. Ұлдары туғаннан мүгедек. 16 жастағы Наурызбай ДЦП дертімен ауырады, жамбас сүйектері қозғалмайды. Сондықтан мүгедек бала өздігінен жүріп-тұра алмайды. Ал 14 жастағы Ертарғынның ақыл-есі кем.
    - Ұлым үнемі памперс киіп жүреді. Үкіметтен жылына 400 түйір памперс аламыз. Ол бірақ жарты жылға жетпей таусылып қалады. Мына жерде тұрып жатқанымызға биыл екінші жыл. Канализация жоқ. Қыста үйіміз өте суық. Үйіміз дегенде біреудің сарайы. Оны айына 25 мың теңгеге жалдаймыз. Поликлиника мен мектеп жақын, соған қуанамыз. Басқа жерде бізді екі ауру баламен ешкім үйіне кіргізбейді,- дейді Жайнагүл.
    Екі бірдей мүгедек баласы бар отбасы 3 жыл бұрын Хромтаудан көшіп келген. Отағасы «Автопаркке» жұмысқа орналасыпты.

    - Хромтауда жақсы үйіміз болып еді, барлық жағдайы жасалған. Екі дәлізі, төрт бөлмесі болатын. Оны сатып, ақшасын Құрылыс жинақ банкіне салдық. Күйеуім айына 85 мың теңге жалақы алады. Сол ақшасын апарып ай сайын депозитке салып тұрмыз. Қызым 6-шы класта оқиды. Қызымның денсаулығында кінәрат жоқ. Үлкен ұлым жүріп кетсе екен деген тілегім бар. Квота арқылы Астанаға ота жасатуға барайық деп жатырмыз. Кіші ұлыма үнемі тыныштандыратын дәрі беремін. Әсіресе күз бен көктемде қозып, көтеріліп ауырады. Өзім жұмыс жасамаймын. Ауру балаларымды бағып отырамын. Бір баспана үшін кімнің есігін қақпадым десеңізші?! Бармаған есігім, тоздырмаған табалдырығым жоқ. Қайда барсам да 5 жылдан кейін үйлі боласың деп шығарып салады. Ал оған дейін қалай өмір сүреміз?! Мен қатты шаршадым. Қазір күйеуім де «кетем» дейтінді шығарыпты. Үш баламен қайда баратынымды білмеймін,- дейді ашынған әйел.
    Жайнагүлдің балаларына көмектесемін деген ақтөбеліктер болса, “Керек.info” газетінің редакциясына хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 54-22-46

    Ұқсас жаңалықтар
  • 2 жастағы бала отбасын аман алып қалды
  • 14 баланың анасы биліктен көңілі қалғанын айтты
  • Ақтөбелік мүгедек биліктен көмек сұрайды
  • Ақтөбеде екі отбасы баспанасыз қалды
  • Үшемнің ата-анасы баспана сұрайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге