Ақтөбелік балабақшада 3 жастағы баланың тісі сынып, ұрты жыртылды

    3 жастағы Санжар балабақшадан ауыр жарақат алып, тісі сынған. Ұрты жыртылып, қызылиектері қанталап, жарылып кеткен. Күндегі әдеті бойынша баласын бақшадан алып кетуге барған анасы Анар Утеулина ұлының күйін көріп, талып қала жаздапты. Оқиға 11-ші шағын ауданындағы №21 “Кәусар бұлақ” балабақшасында болған.

    Анар Утеулина, анасы:
    - 6 желтоқсан күні таңертең ұлымды балабақшаға апардым. Ойнап кетті. Күнде сағат кешкі бес жарымда баламды алуға баратын едім. Сол күні де әдетімше бақшаға бардым. Алдымнан балам жүгіріп шықты. “Мама” деп аузын көрсетті. Езуінде аздап қанның ізі тұрғасын, аузын ашып қалып едім... Шошып кеттім. Бір тісі салақтап тұр, ұрты жыртылған. Тісі мен ерінді жалғап тұрған жері мүлдем жыртылып кеткен. Баламның жағдайын көріп шыңғырып жібере жаздадым. Ұлымды шошытып алмайын деп, тәрбиешілеріне бардым. Олар ештеңе білмейтіндерін айтты. Бірден баланың жағдайын тәрбиешіден сұрадым. Олар ештеңе білмейміз, ештеңе көрген жоқпыз деп ақталды. Олардың көрмеуі мүмкін емес. Ауызында қаншама жырық пен жара болған кезде бала қансырайды. Олар баланың бетін тазартып, кешкілік түк болмағандай дайындап қойған. Медбике де, басқасы да ештеңе көрген жоқпыз,-деді. Бала жылаған жоқ, шағым айтқан жоқ дейді. Сонда бала өліп қалса да, “ұйықтап жатыр” деп қарамай қоя ма?!- дейді ашынған ана.

    Баласының жағдайын көрген әкесі жүрегі ұстап, ауруханаға түскен. Ал Анар дереу жедел жәрдем шақырып, кішкентай Санжарды дәрігерге көрсеткен. Сол жерде ілініп әзер тұрған бір тісін жұлдырған. Қызыл иегі тұтас ісіп кеткендіктен екінші тісін жұла алмаған. Анар Утеулина баласын өлімші халге жеткізген тәрбиешілердің үстінен Сазды полиция бөлімшесіне шағым түсірген. Сот медициналық экспертиза тағайындалып, енді қорытындысын күтіп отыр.
    - Тәрбиешілер түк болмағандай “ештеңе білмейміз, ештеңеден хабарымыз жоқ” деп ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр. “Балалар бір-бірін итерген, құлаған”,-дейді. Алдыңғы тісінің бәрі қирап қалғанша қай жерге құлап жүр? Неге уақытында ескертпеген? Неге кешке дейін ұстаған? “Бала ұйықтаған кезде көпшігі қан болып қалып еді”,-дейді тәрбиешілері. Сонда олар бала қарамағанда, не істейді? Ондай тәрбиешілерді тек заңмен ғана жазалаймын. Кешірім сұрады. Бірақ олардың кешірімдері кімге керек? Баламның ерні жыртылды. Логопед дәрігер болашақта сөйлегенде дефект болады деп отыр. Баламның миын әлі рентгеннен өткізген жоқпын. Мүмкін, миы шайқалған шығар? Мүмкін бір жеріне зақым келген болар? Балам қазір үйде. Жылай береді,- дейді Анар.
    Балабақшаға қазан айынан бастап қатынап жүрген кішкентай сәбиді осындай күйге түсірген №21 “Кәусар бұлақ” балабақшасына барған “Керек.info”тілшісін есік алдында әдіскер күтіп алып, ешкімнің ештеңе айтпайтынын айтып шығарып салған болатын. Қайыра барғанда тілшілермен тілге келген әдіскер Айжамал Үмбетьярова бақша ішінде қызметтік тексеріс болып жатқанын жеткізді.
    - Қазір бала үйінде, ата-анасымен бірге. Бұл оқиға бойынша іште қызметтік тексеріс болып жатыр. Не болғанын сізге айта алмаймын, өйткені баланың жағдайын анасы айтқан кезде ғана білдік. Бала шағым айтпаған, жыламаған. Біздің тәрбиешілердің барлығы өз кәсібінің мамандары,- деді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 3 жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті
  • Екі жастағы бала баспалдақтан құлап кетті
  • Зорлық көрген сәбидің анасы “алаяқ” атанды
  • Ақтөбеде бес жастағы қыз бала зорланды
  • Тағы бір сәби терезеден құлап кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге