Ақтөбе облысында экстремистер тобы ұсталды

    Ақтөбе облысында “Ат-Такфир уаль-Хиджра” діни-экстремистік ұйымының мүшелері ұсталды. Бұл жөнінде ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

    21 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында “Ат-Такфир уаль-Хиджра” діни-экстремистік ұйымының мүшелерін ұстады. Операция Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізілді. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлығы 16 адам ұсталған. Үйлері тінтіліп, жедел-тергеу шаралары жүргізілді.

    -Бұл ұйымның мүшелері “сенбеушілік үшін айыптау” немесе такфир деп аталатын ұстанымды насихаттайтыны белгілі. Олар «Әл-Каида», «ДАИШ» және басқа да бірқатар террористік ұйымдардың идеологиясында құрылған. «Ат-Такфир уаль-Хиджра» жолын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы террористердің іс-әрекеттерін қолдайды, сондай-ақ еліміздің конституциялық заңдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды,-деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
    Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оның әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Ол АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге де елдердің террористік ұйымдар тізбесіне қосылған.
    Ұлттық қауіпсіздік комитеті операция барысы және одан әрі тергеу нәтижесі туралы хабарлайтын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қобда ауылының тұрғыны экстремистік ұйымның уағызын насихаттаған
  • Ақтөбе облысының 11 тұрғыны теракт жасамақ болған
  • Сирияға кетпек болған 12 ақтөбеліктің соты басталмақ
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • “Таблиғи Жамағаттың” уағызшылары сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге