Ақтөбеде Президент шыршасы өтті

    Ақтөбеде  Президент  шыршасы өтті

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен басталған мерекелік шараға 400 бала қатысты. Тауық жылына арналған Президенттік шыршаның тақырыбы «Экспо-2017» көрмесіне арналды.

    Жаңа жылдық шыршаға облыстың дарынды балалары, жетім балалар және көп балалы отбасы балалары қатысты. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев балаларды құттықтап, жыл бойына әр салада үздіктер қатарынан көрінген оқушыларға бағалы сыйлықтар тапсырды.
    - Біз шығарып салғалы отырған 2016 жыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ерекшеленді. Осы уақыт аралығында балалар үшін 487 мектепке дейінгі ұйым, 113 жаңа мектеп ғимараттары салынды. Бір Назарбаев Зияткерлік мектебі, 4 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, инновациялық режимде жұмыс жасайтын 7 гимназия, 15 мектеп гимназия және 3 мектеп лицей ашылды. Бұлардың барлығы балалардың бақытты балалық шағы үшін жасалған ерен еңбек,- деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

    2016 жылы 810 ақтөбелік оқушы Қазақстанның атынан халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстарға қатысып, 546 оқушы жеңімпаз атанды. Бір жыл ішінде ақтөбелік оқушылар халықаралық сайыстардан 97 алтын, 185 күміс және 246 қола медаль әкелді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тұңғыш Президент күні ерекше тойланды
  • Өнер мектебінде тұрмысы төмен отбасы балалары тегін оқиды
  • 16 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады
  • Өрлеуде жаңа мектеп ашылды
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге