Облыс әкімі білім саласын сынға алды

    Облыс әкімі білім саласын сынға алды

    Өңір басшысы көптеген аудандарда мемлекеттік-жеке серіктестік аясында бірде-бір мектепке дейінгі мекеме ашылмағандығын айтты

    Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста Ақтөбе облысы білім басқармасының 2016 жылы атқарған қызметі мен 2017 жылға алған тапсырмалары талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
    Басқарма басшысы Сәуле Өмірбекованың айтуынша, өткен жылы білім саласының бюджеті 66,8 млрд теңгені құраған. 3,4 млрд теңгеге 102 нысанға күрделі жөндеу жүргізілсе, 13 білім нысандарының құрылысына тағы 4,7 млрд теңге бөлінген. Ағымдағы жылы 5020 орынға арналған 29 балабақша ашу жоспарланса, оның 2900 орынға арналған 17-сі Ақтөбеде жұмыс жасайтын болады.

    Балабақша мәселесі
    Облыс әкімі басқарманың аудандардағы МЖС аясында ашқан мектепке дейінгі мекемелеріне көңілі толмайтынын жеткізді.
    - Неге 2016 жылы 41, ал ағымдағы жылы 29 балабақша ашылады? Аталмыш мәселені шешуде аудан әкімдерімен және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасауды күшейту керек. Облыстың көптеген аудандарында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында бірде-бір мектепке дейінгі мекеме ашылмаған,-деді ведомство басшылығына Бердібек Сапарбаев.

    Жаңа мектептер құрылысына, оқу орындарының материалдық-техникалық базасына байланысты сауалдар өзекті болып қала береді. Қазіргі таңда 129 мың оқушы 415 орта мектепте білім алуда.
    Оқушы санының көбеюіне байланысты мектептер үш ауысымда оқып жүр. Бұл жүктелімді Ұлттық қордың қаржысы есебінен Алға (1), Қобда (1), Мәртөк (2), Хромтау (1) аудандарында және Ақтөбе (6) қаласында 1840 орындық 4 мектеп пен 5760 орындық 11 мектеп салу арқылы шешу жоспарлануда. Ырғыз ауданының Ырғыз ауылы мен Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылына 100 орындық, интернаты бар мектеп салу қажет.

    Алдағы екі жылда проблемалық мектептерді жою бойынша кезеңдік жұмыс жалғасатын болады, осы жылдың өзінде саманнан, ағаштан және қамыстан салынған оқу орындарының орнына 5 жаңа мектеп (Ойыл – 2, Ырғыз – 1, Шалқар – 1, Ақтөбе – 1) тұрғызу көзделуде.

    11 бастауыш мектеп жабылмақ
    2017-2020 жылдары оқушылардың білім сапасын жақсарту үшін 11 бастауыш мектепті жауып, 13-ін қайта ұйымдастыру жоспарлануда. Мектептерді оңтайландыру мектеп жанынан интернат ашуды талап етеді. Облыста мектеп жанындағы 29 интернат жұмыс жасаса да әлі де қосымша 11 интернат салу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасалып, Әйтеке би ауданындағы Қарабұтақ ауылында, Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылында және Алға ауданының Алға қаласында барлығы 3 интернат салынбақ.
    Облыс аудандарында облыстық және республикалық бюджет есебінен білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жоспар аясында мектептердегі жиһаздарды, компьютерлік техникаларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
    Жиында техникалық және кәсіби білімді дамыту мәселесі қозғалды. Облыс әкімі колледждерде ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес саласын дамытатын сала мамандарын даярлау тәртібін енгізу керек деп санайды.

    Өз-өзіне қол жұмсау мен жүктілік оқиғаларының алдын алу керек
    Сонымен қатар, мектептердегі кәсіби-бағдарлы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Бұған қоса, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мен жүктілік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді талап етті.
    -Барлық спорттық залдар мен мәдени нысандарды пайдалана отыра кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастырумен толық айналысу керек. Балалардың өзге істерге алаңдамаулары үшін осы бағыттағы жұмыстарды үнемі жүргізіп тұру қажет. Кәсіби-техникалық білім беруді дамытумен, білім сапасын дамытумен, түлектерді жұмысқа орналастырумен, «Тulek.kz» жобасы бойынша жұмысты жүзеге асырумен байланысты мәселелерді уақытында шешкен жөн. Бізде МЖС дамыту мүмкіндігі мол, кәсіпкерлер әлеуметтік мәселелерді шешуге, көмек көрсетуге дайын, алайда, аталмыш механизм кешеуілдеп дамып келеді,-деді өңір басшысы.
    Облыс әкімі жиынды қорытындылай келе «Мейірім» акциясына баса назар аударуды тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ұлттық қордан 24 млрд теңге бөлінді
  • Биыл қай ауылдарға газ жүргізіледі?
  • Ақтөбеде 1200 орындық мектеп ашылды
  • Бердібек Сапарбаев ҰБТ-да аз балл жинаған мектептерді жабуды ұсынды
  • Ясныйға жаңа мектеп салынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге