Ақтөбеде қалта ұрыларын WhatsApp арқылы ұстамақ

    Жергілікті прокурорлар автобустағы қалта ұрыларымен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты. Енді кондукторлар өз өмірлері үшін қауіптенуде

    Ақтөбеде өткен жылы қоғамдық көлікте 900-ден астам қалта ұрлығы тіркелген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда13,6 пайызға артық. Құқық қорғау қызметкерлері бұған дейін қалта ұрыларымен күресу үшін аялдамалар мен автобустарға қылмыскерлердің суреттерін ілген еді.

    - Осыдан кейін автобустарда ұрлық азайды. Бірақ әлі де ұрлық жасалады. Мұндай шара жеткіліксіз. Ұрлықты тоқтату үшін автобусқа полицейлердің өздері кіріп, бақылау жасағаны дұрыс,-дейді 15 бағыттағы автобустың кондукторы Елена Щепачева.
    Прокурорлардың мәліметінше, барлық автобустарды тексеруге полицейлер жетіспейді. Сол себепті олар автобус жүргізушілері мен кондукторларына арналған WhatsApp қосымшасын ашпақ. Олар ұрыны көрген не болмаса жасалған қылмысты байқап қалған жағдайда полицияға мессенджер арқылы хабар бере алады. Дереу автобусқа кезекші полицейлер жіберіледі. Жаңа өзгерісті прокурорлар “Автопарк” қызметкерлері арасында талқылады. Алайда кондукторлар жаңа бағдарлама өздері үшін үлкен қауіп төндіреді деп есептейді.

    -Қалта ұрылары ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде жұмыс істейді. Прокурорлар БАҚ туралы жаңалықты айтқаннан кейін әр ұры өзін автобуста полицейлер ұстап алса, кондуктор хабарлады деп түсінеді. Бізге автобустың ішінде шабуыл жасамауы мүмкін. Алайда үйге қайтар жолда олардың сыбайластары бізді ұрып тас-тамасына кім кепіл?! –дейді кондукторлардың бірі.

    Прокурорлар кондукторлардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбейді деп отыр. Алайда олар дың қызметкерлердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететіні әзірге белгісіз. Ерекше көзге түскен жүргізушілер мен кондукторларды марапаттауға уәде етіп отыр. Бұған қоса жыл ішінде қадағалаушы орган автобус салондарын бейнебақылаумен қамтамасыз етпек. Камералар қалта ұрлығы жиі тіркелетін автобустарда пайда болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Автобус кондукторы колледж оқушысын ұрды
  • Прокурорлар: Уәлиханов көшесіндегі үйлерде қылмыс көп тіркеледі
  • Автобус жүргізушілері үш күнде 300 рет ереже бұзған
  • Эпидемиолог: ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды!
  • Нашақор рейстік автобусты жүргізген
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге