Ақтөбеде теракт үшін айыпталған 19 адамның жазасы жеңілдеді

    Ақтөбеде 5 маусымдағы терактіге қатысы бар деп айыпталған 19 сотталушы рақымшылыққа ілікті. Сот қылмысты жасырғаны және ол туралы хабарламағаны үшін істі болғандардың жазасын жеңілдетті

    Бүгін Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы лаңкестік оқиға бойынша сотталғандарға қатысты апелляциялық істі қарап, қаулы шығарды. Сотқа 22 жылға сотталған Айдос Жұбанов, лаңкестік оқиға туралы хабарламағаны үшін сотталған С. Сейітқалиев пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жазаланған Ү. Өтеповтен басқаларының барлығы шағым түсірген. Олар отбасы жағдайларын ескеріп, тағайындалған жазаларын жеңілдетуді сұрапты. Алайда апелляциялық алқа терактіге тікелей қатысқан Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Ануар Садихов, Әлібек Ақпанбетов, Асхат Рахметов, Жаңабай Қуанышбаев пен Арсен Таңатаровтардың жазасын өзгеріссіз қалдырды. Бұған қоса лаңкестік туралы хабарламағаны үшін сотталған А. Нұрмұхановтың жазасы жеңілдеген жоқ. Прокурор Рамазан Қалбаевтың айтуынша, сотталушы бұған дейін жалған ақшаға қатысты қылмысы үшін істі болған. Алайда жазасын толықтай өтемеген. Сол себепті апелляциялық алқа бастапқы саты үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот қылмысты жасырғаны және ол туралы хабарламағаны үшін сотталған 19 адамның жазасын жеңілдетті. Рақымшылыққа іліккендердің жаза мерзімінің төрттен бір бөлігі қысқартылды. Апелляциялық алқа қаулысы сотталушылардың қатысуынсыз оқылды. Заңды күшіне енген сот үкімін түрмеде жазасын өтеп жатқандардың туыстары мен қорғаушылары ғана естіді.

    Естеріңізге сала кетелік, Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты барлығы 29 адам сотталған еді. Қанды қырғын жасаған 7 адам өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал Айдос Жұбанов 22 жылға, Әбдірахманов 20 жылға сотталып, жазаларын қатаң режимде өтейді. Сондай-ақ, қылмыс туралы хабарламаған 18 адамға да үкім шыққан. Лаңкестерді пәтерінде жасырғаны үшін айыпталған Мерлан Ердауов 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Дәл осындай қылмысы үшін айыпталушылар орындығында отырған Үсен Өтеповтің бас бостандығы 4 жылға шектелді. Қалғандары 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Бұдан бөлек, зардап шеккендерге келтірілген материалдық және моральдық шығын төленді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік террористердің 7-еуі өмір бойына сотталды
  • Ақтөбелік 7 террорист өмір бойына сотталды
  • Террористерге үкім 28 қарашада шығады
  • Ақтөбелік террористер соңғы сөзін 21 қарашада айтады
  • Апелляциялық сот Шевцова-Валова үкімін өзгертпеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге