Ақтөбеде алимент төлеуден жалтарған әке ата-ана құқығынан айырылды

Ақтөбеде борышкер әкенің баласына қарызы 6 миллион теңгеден асқан. Бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, нәтиже бермеген. Сот оны ата-ана құқығынан айырды. Бұл туралы облыстық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Жеке сот орындаушысы бұл іспен 2016 жылдан бері айналысқан. Борышкер әкенің қарызы 6 миллион теңгеден асып кеткен. Барлық мәжбүрлеу шарасын жүргізгенімен, нәтиже бермеген. Сот актісін орындамағаны үшін ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке де тартылған. Өкінішке орай, әкімшілік жауапкершілікке тарту сот актілерінің дереу орындалуына кепілдік бермейді.

Осыған байланысты өндіріп алушы Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына борышкерді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арыз берген.

Облыстық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының хабарлауынша, сот актілерін мәжбүрлеу мен орындаудың басқа тәсілдері тиімсіз болғандықтан, ата-ана құқығынан айыру соңғы төтенше шара болып қарастырылуы мүмкін.

 Осылайша сот борышкерді ата-аналық құқығынан айыруға шешім қабылдаған.






Құқық
12:58, 01 март 2024
1 464
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив