55 жыл отасқан ерлі-зайыпты бақытты өмір сүрудің сырын ашты

    83 жастағы қария өзінің жарын коммунистік партияның жолдамасы арқасында тапқан. Сөйтіп, ерлі-зайыпты 55 жыл бойы өмірдің тәттісі мен ащысын бірге татып келеді

    Бүгін, 21 қаңтар күні АХАТ бөлімінде 55 жыл бойы махаббаттың туын жықпай, бақытты өмір кешіп жатқан ерлі-зайыпты – Раушан Қайыров пен Закиза Қайырова марапатталды. Мерейтойға жұптың балалары, немерелері, шөберелері қатысты. Айта кетейік, ерлі-зайыпты 10 бала, 20 немере және 5 шөбере сүйіп отыр. Сондай-ақ, мерейтой иелерін құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева да келді. Ол әкімнің атынан құттықтап, отбасыға теледидар сыйлады.
    Раушан Қайыров 3,5 жыл армияда Отан алдында борышын өтеп, Ақтөбеге 1961 жылы оралады. Бірақ армия қатарында жүргенде ол Коммунистік партияның мүшесі атанады. Партияның бұйрығымен оны Новоресей ауданы (қазіргі Хромтау ауданы) Молодежный кеңшарына жібереді. Сөйтіп, ол кеңшарда есепке алушы болып жұмыс істегенде көрші ауылдағы жарымен танысады.
    - Сонымен, 1961 жылдың 21 қаңтарында екеуміз үйлендік. Даланың қары қандай болатының білесіңдер. Оны ауылдан 6-7 шақырым жерден трактормен алып келдім, - дейді отау иесі Раушан Қайыров.

    Оның пайымдауынша, өмірдегі бақыт – бала өсіру. 10 баланы тәрбиелеп шыққан Раушан ата әр баласына білім беріп, әр баласын үйлендірген. Ал қазір ол солардың қызығын көріп отыр.
    - Қазақта сөз бар: “Балаң жаман болса, жердің астымен жүресің. Балаң жақсы болса, жердің үстімен жүресің”. Мен кез келген кісімен ұялмай, сөйлесе аламын. Өйткені менің балаларым дүниенің тетігін тауып қаланды. Мейлі балаң министрлікте жұмыс істемесін, ең бастысы – балаң жақсы болса, бұзақылық жасамаса, ата-анаға бұдан артық бақыт керек емес, - дейді Раушан Қайыров.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кейуананы ыстық үтікпен азаптап өлтірген ерлі-зайыптылар сотқа келді
  • Ақтөбеде өткізілген “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының жеңіпаздары анықталды
  • Қазақстан тағы бір лицензия ұтып алды
  • Ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды
  • Ақтөбеде “Махаббат ағашы” композициясы ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге