Ақтөбе облысында бір түннің ішінде 58 адам құтқарылды

    24-нен 25 қаңтарға қараған түнде қатты боран салдарынан 8 республикалық маңызы бар жол және 7 облыстық маңызы бар жол жабылды. Бұл жайында халыққа төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы ескерткен

    24 қаңтар күні ауа-райы қатты салқын болған жоқ, тек күні бойы қар жауып тұрды. Сондықтан жол бойында аласапыран болады деп ешкім күтпеген. Бірақ секундына 15-20 метрге жететін даурыққан жел бәрін түбегейлі өзгертті.
    Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты респбуликалық маңызы бар 8 жол және облыстық маңызы бар 7 жол жабылады. Қазіргі таңда Байғанин ауданында 8 автокөлік қар астында қалған. Зардап шеккендер жоқ.
    - Бір түннің ішінде 58 адам құтқарылды. Айта кеткен жөн, облыс тұрғындарының мәдени деңгейі өскен. Былтырдағыдай емес, жол сақшыларының айтқандарын бірден орындады. Қазір Байғанин ауданында 8 автокөлік жолда тұр. Олар көбіне транзиттік көліктер. Жол тазартылмайынша жүргізушілер жылыту бекеттерінде тұрақтайды, - дейді облыстық төтенше жағжай департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қасым.
    Қазір облыстық маңызы бар 1 жол жабық: Дөң – Бадамша – Ақтөбе – Орск.
    - Өкінішке орай, халықты ескерту үшін ақпараттық арналарды, жүгіртпе жолын пайдалана алмадық. Радио да дәл солай. Тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы хабарлауға мәжбүр болдық. Өкінішке орай, желіге үлкен салмақ түсіп кеткесін, СМС хабарламалар абонентке тек 4-5 сағаттан кейін ғана жетеді, - дейді Қайрат Қасым.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қобда ауданы болашақта туризм кластеріне айналады
  • Ақтөбеде тас жолдар қалың қардан тазартылып жатыр
  • Ақтүтек боран көлік қозғалысын қиындатып жіберді
  • Ақтөбеде тас жолдар жабылды
  • Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге