“Тәңірі өз назарына алған әнші’

    “Тәңірі өз назарына алған әнші’

    Қытай баспасөзі дарынды әнші Димаш Құдайбергеновке осындай баға берді. Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан “I am a singer” байқауының жерлесіміз екі кезеңінде де топ жарды. Ол француз тіліндегі “SOS d’un terrien en détresse” және әйгілі “Опера-2” әндерін орындаған болатын

    Қытайлық “Hunan TV” арнасының 2 миллиард көрерменін ерекше дауысымен дүр сілкіндірген Димаш қытайлықтарды тез баурап алды. Көмейіне бұлбұл ұя салған әншіге таңдай қақпаған халық жоқ десе де болады. Ютубта жас таланттың “SOS d’un terrien en détresse” деген әнін 1,5 млн-нан аса адам көрген. Бүгінгі уақытта Google-ға “Димаш” кілт сөзін жазсаңыз, 1 миллионнан аса ақпарат тауып береді, ал Intagram желісінде 4000-ға жуық парақшаның бары белгілі. Әзірге. Фейсбуктегі жұртшылық оған “ол – ғарыш”, “ол - ән әлеміндегі феномен” деп баға берді. Алда конкурстың бірнеше кезеңі барын ескерсек бұл цифрлардың еселенуі сөзсіз.
    - Фанаттар Димаштан қолтаңба алып, естелік суретке түсу үшін біздің қонақ үйдің қасына жиналып жатыр. Кеше мейрамханаға бармақшы едік, қыздар жолымызды бөгеді. Олар Димашты видеоға түсіріп жатты. Бізге бұл жағдай қызық көрінгені рас, дегенмен мұны өнерге құрмет деп түсінеміз, - дейді
    Димаштың менеджері Алпамыс Шәрімов Intagram желісінде. Әлеуметтік желіден әншінің қытайлық “Хунан” телеарнасының әзіл шоуына қонақ боп, бірнеше қазақ-шетел әндерін орындағанын да білдік. Алматыға арнайы келіп, Универсиаданың ашылуында ән айтқан Димашқа телефон арқылы хабарластық. Әншінің менеджері әрі досы Алпамыс Шәрімов жоба аяқталмайынша, оның журналистерге сұхбат бермейтінін жеткізді. Конкурс шарты сондай. Қытайда жүріп, газетімізге арнайы ақпарат берген Алпамыс мырза Димаштың 4 ақпан күні әйгілі “Queen” тобының “The Show must go on” әнін орындайтынын жеткізді. Ән байқауы әр сенбі сайын өтіп отырады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Димаш Құдайберген бақталастықтың құрбаны бола жаздады
  • Димаш – “Славянский базар-2015” конкурсының Гран-при иегері
  • Ақтөбеде кішкентай Димаш дүниеге келді
  • Әншінің әжесі: Димаш – халықтың ұлы!
  • Димаш Құдайбергенов "Славян базары" байқауына қатысады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге