Ақтөбелік мұнайшылардың жалақысы 3 жылдан бері көтерілмеген

    Ақтөбедегі алпауыт мұнай компанияларының бірі -“СНПС- Ақтөбе мұнайгаз” ЖШС соңғы үш жылдан бері жұмысшылардың еңбекақысын көтермеген. Бұған дейін жергілікті мұнайшылар әлемдік нарықта қара алтынның құны төмендегендіктен шыдамдылық танытып келген еді. Бұл жолы олар компания басшылығынан жалақыларын өсіруді сұрады

    “СНПС- Ақтөбе мұнайгаз” АҚ облыста өндірілетін мұнайдың 67 пайызы мен газдың 88 пайызын қамтиды. Былтыр мұнай бағасының тұрақсыздығына қарамастан, компания өзіне қойылған міндеттердің барлығын орындаған. Жұмысшыларға әлеуметтік төлемдер мен жалақы да уақытылы төленген. Алайда кемшін тұстар да бар. Былтыр мұнай өндіру көлемі 10 пайызға, инвестиция көлемі 34 пайызға төмендепті. Қазір мұнда 6 мыңнан астам адам еңбек етеді. Дегенмен өткен жылы компаниядағы қызметкерлер саны 168 адамға қысқарған. Компания басшылығы алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан шығарылатындығын айтып отыр.
    -Біз аздаған қызметкерді жұмыстан шығарамыз. Олар - еңбек тәртібін сақтамайтын,өз жұмысын істей алмайтын және қызметтік міндетін атқара алмайтын жұмысшылар. Сол себепті әр қызметкер компанияға өз үлесін қосса, жұмыс орнын сақтап қалатынын түсінуі тиіс. Мен жағдайдың 2016 жылға қарағанда жақсы болатындығына сенемін,-деді компанияның бас директоры Ван Цзюньжэнь.
    Мұнай компаниясы өткен жылы 4 миллион 121 мың тоннадан астам “қара алтын” өндірген. Ал газ өндіру биыл рекордтық көрсеткішке жетіп, 5 миллиард 759 миллион текше метрді құрады. Сұйытылған газ көлемі 470 мың тоннадан асты. Бас директор Ван Цзюньжэньнің айтуынша, өндірілген мұнайдың 50 пайызы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына беріледі. Сұйытылған газдың тең жартысы да ішкі нарыққа бағытталған. Қазір табиғи газды Ақтөбе облысынан бөлек оңтүстік өңірлер де тасымалдап жатыр. Компания облыс бюджетіне 83,5 млрд теңгеден астам қаржы аударған. Жұмысшыларды тегін тамақтандыруға 769 миллион теңге бөлініп, бір жұмысшыға берілетін әлеуметтік пакет 231 мың теңге құраған.

    Кездесу кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев компания басшысына биылғы көрсеткіштердің жылдағыдан төмен болмауын және жұмысшыларды қысқартпау керектігін ескертті. Сондай-ақ, ол компания басшылығына “СНПС- Ақтөбе мұнайгаз” АҚ мердігері “Ұлы Қабырға” қазақ-қытай бірлескен кәсіпорнының жағдайын бақылауға алуды тапсырды.
    -“Ұлы Қабырға” компаниясының экономикалық жағдайы өте нашар. Алдағы уақытта бұл жағдай қайталана берсе, компания банкрот болуы мүмкін. Осыдан 2 жыл бұрын онда 2000 адам жұмыс істейтін, енді 980 адам қалды. Оның ішінде 480 қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Құрылтайшы ретінде компания жұмысын бақылауға алыңыздар,-деді әкім.
    Облыс әкімінің айтуынша, Мұғалжар ауданында “СНПС- Ақтөбе мұнайгаз” АҚ қарасты бірнеше ғимарат қаңырап бос тұр. Бердібек Сапарбаев оларды әлеуметтік нысандар салу үшін әкімдік қарамағына беруді сұрады. Қазір Ақтөбе –Жем бағытында мұнай фирмасында ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған 4 вагон қатынайды. Бердібек Сапарбаев компания басшылығынан халықты тасымалдау үшін оған тағы бір вагон қосуды сұрады.
    - Мен әлемдік экономиканың, оның ішінде мұнай саласының тұрақтануын ескере отырып, компаниядағы жағдай жақсы болады деп сенемін. Сарапшылар мұнай бағасының күрт төмендемейтіндігін айтып отыр. 2017 жылы мұнайдың бір баррелінің құны 50-55 теңгені құрайды,-дейді әкім.
    Компанияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанжарық Күзенбаев жағдайдың тұрақталғанын айтып, бас директорға жұмысшылардың еңбекақыны өсіру туралы өтінішін жеткізді. Кездесуден соң компания, облыс әкімдігі мен кәсіподақ үшжақты меморандумға қол қойды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ұлы қабырға” банкротқа ұшыраудың алдында тұр

  • Әкім мұнайшыларға жұмыс ауыстыруды ұсынды
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Бердібек САПАРБАЕВ: Дағдарысты сылтау қылмаңдар!
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге