Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді

    Биыл облыстық және аудандық маңызы бар көлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 7,8 млрд теңге бөлінді. 298,5 шақырымдық жол жөнделеді. Барлығы 27 жоба бойынша жұмыс жоспарланып жатыр. Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск бағытындағы 30-45 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жүргізу бойынша жобаны жүзеге асыру басталды

    Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев мәлімдеді. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар көлік жолдарының ұзындығы 6 979,4 шақырымды құраса, олардың 5085,7 шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. 2016 жылы облыстың көлік жолдары саласын дамытуға 8,9 млрд теңге бөлінген. Басқарма басшысы Аязбай Османғалиевтің айтуынша жалпы ұзындығы 108,8 шақырым болатын барлығы 74 жоба жүзеге асырылған, оның ішінде 53,9 шақырымы қалалық және аудандық көшелердің еншісінде.
    - Экономиканың дамуы жолдарға тікелей байланысты. Сондықтан жолдың еліміз бен тұрғындарымыз үшін маңызы зор. Біздің міндетіміз – қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отыра елді мекендермен үздіксіз жол қатынасын қамтамасыз ету. Жалпы, бұл мақсатқа бөлінген қаржы көлемі жеткілікті. Біздің ең басты міндетіміз – осыларды тиімді пайдалану. Қолымыздағы жергілікті материалдарды ескере отыра міндетті түрде жаңа технологияларды енгізу. Аудан орталықтары мен өзге елді мекендер арасындағы жолдарды төсеу кезінде өңірдегі табиғи материалдарды пайдалану қажет. Осы реттегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен қарқыны әлі де баяу. Ақтөбе – логистика жөнінен өте ыңғайлы өңір. Бірақ осы мүмкіндігімізді әлі толық игере алмай келеміз,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жол бойында 49 жылыну пункті ашылды
  • Ұлттық қордан 24 млрд теңге бөлінді
  • Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін
  • Ақтөбеде тас жолдар қалың қардан тазартылып жатыр
  • Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге