Ақтөбеде әлеуметтік дәріханалар ашылады

    Ақтөбеде әлеуметтік дәріханалар ашылады

    Биыл облыста барлық емханалардың жанынан әлеуметтік емханалар ашылады. Онда қала тұрғындарына дәрі-дәрмектер жеңілдікпен сатылмақ. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты

    Өңірдегі дәріханаларда мүгедектер мен ардагерлерге 3-10 % пайыз көлемінде жеңілдік бар. Алайда дәрі бағасы тым қымбат. Облыс басшысының айтуынша, таяуда әкімдік қызметкерлері дәріханалардағы бағаны тексеріп шыққан. Мамандар меморандумға сәйкес, қымбаттамауы тиіс 106 дәрілік заттың кейбіреуінің бағасы екі есе қымбат екенін байқаған. 31 дәрі мүлдем дәріханада жоқ болып шыққан. Облыс аудандарында тұратын тұрғындардың дәріге қолжетімділігі төмен. Байғанин ауданы 59%-ға қамтамасыз етіліп отыр. Бұл жүйеде заңсыздық та жетерлік. Өткен жылы дәріханаларда құрамында кодеин (есірткі жасайтын дәрі) бар дәрілер рецептсіз сатылған. Жарамдылық мерзімі өткен препараттар сатылған. Сондай-ақ, облыста фармацевтика саласының мамандары да тапшы. Ақтөбе облысында дәрі-дәрмектің екі айға жететін қоры бар. Алдағы уақытта дәріхана иелері 200 дәрі-дәрмек түрінің бағасын тұрақты ұстауға уәде етті.

    Облыс басшысы 1 топ мүгедектері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оған теңестірілгендерге 50 пайыз жеңілдік беруді тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дәрі-дәрмек шығаратын цех ашылды
  • Дәріхана қожайындары шетелдік дәрілерді алудан бас тартып жатыр
  • Облыс әкімі: Дәрі қымбаттамауы тиіс!
  • Дәрі-дәрмек елу пайызға қымбаттады
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге