Алғада бір күнде 3 мың тауық сойылады

    Алғада бір күнде  3 мың тауық  сойылады

    Бұл туралы “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мавр Абдуллин мәлімдеді

    Ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7171,6 млн теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20510,7 млн теңге. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 5768,7 млн теңге, мал шаруашылығы – 14714,1 млн теңге.
    - Ауданда “Агробизнес-2020”, “Сыбага”, “Алтын асық”, “Құлан”, “Ырыс” мемлекеттік бағдарламалары тиімді іске асырылып, бағдарлама аясында жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылуда. “Өңірлік индус-триалды картасы” бағдарламасы аясында “Көктас-Ақтөбе” АҚ “Аққұс” құс фабрикасының» құс сою цехы іске қосылып, 52 адам жұмыспен қамтылды. Жоба құны – 2,8 млрд теңге, сағатына 3000 бас құс сойылады. Сондай-ақ, 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы МІҚ “Аманбай” ш/қ пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне барлығы 2260,8 млн тенге субсидия берілді. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 14 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды, - деді, аудан әкімі.

    “Бизнестің жол картасы 2020” бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1899,5 млн теңгеге 21 жоба жүзеге асырылған. “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасының ІІ- бағыты бойынша “Кәсіпкерлікті дамытуға” 105 кәсіпкерге 273 млн теңге несие берілген. “Ауыл кәсіпкерлігі” бағдарламасы арқылы бөлінген 132 млн теңге толығымен игерілген.

    Аудан басшылығы 2017 жылға агроөнеркәсіп кешенінің дамыуына ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды, жұмыссыздықты төмендетіп, ауыл шаруашлық өнім өндірушілер кооперативтерін құруды мақсат тұтып отыр. Сонымен қатар егістік көлемін ұлғайтып, суармалы жерлер көлемін артырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді жүзеге асыру көзделуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауылдық өнімдер зауытқа тапсырылады
  • Ұлттық қордан 24 млрд теңге бөлінді
  • Банктер ауыл кәсіпкерлеріне несие беруге құлықсыз
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге