Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тағы екі адам қамауға алынды

    Сот Темір ауданы Шұбарқұдық поселкесінің екі тұрғынын екі айға қамауға алды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады

    Іс материалдарына қарағанда, 38 жастағы Әмірхан Темірханов пен 30 жастағы Нұрсұлтан Мұхановтың Ақтөбеде мұнай ұрлаған қылмыстық топқа қатысы бар. Олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 262-бабының 2-бөлігі мен 197-бабының 4-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша күдік келтірілуде. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны және ірі көлемдегі мұнайды және мұнай өнiмдерiн шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдағаны, иемденгені, өткiзіп, сақтағаны, сондай-ақ мұнайды қайта өңдегені үшін айып тағылып отыр.

    Екі бірдей жұмыссыз тұрғынды қамауға алу жөніндегі санкция № 2 қалалық сотқа 3 ақпан күні кешкілік келіп түскен. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Мұқанов бұрын сотталмаған. Ал Әмірхан Темірханов ҚК 182-бабының 2-бөлігінің “б” тармағымен (“Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру”) істі болған. Бұл бап бойынша оған 3 жылға бас бостандығынана айыру жазасы кесілген. Кейіннен ол жазасы шартты мерзімге ауыстырылып, бостандыққа шыққан. Сот қаулысына сәйкес, олар енді 1сәуірге дейін қамауда болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында кәсіпорын басшысы мұнай ұрлаған
  • Ақтөбе облысында мұнай ұрлаған кәсіпорын басшысы сотталды
  • Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Беларусь Республикасының азаматы ұсталды
  • Ақтөбеде сәләфиттердің “қамқорлығымен” мұнай ұрлап жүргендер ұсталды
  • Мейіржан Өндіргеновті қамауға алу мерзімі ұзартылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге