“Қазақойл Ақтөбе” компаниясында мұнай өндіру азайған

    “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС-де былтыр мұнай өндіру көлемі 6 пайызға төмендеп кеткен.Өндіріс көлемінің азайғанына қарамастан, компания басшылығы әлеуметтік міндеттемелерін орындап отыр. Жұмысшылардың алдында берешегі жоқ.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев “Қазақойл Ақтөбе” компаниясы мен Ақтөбе рельс арқалығы зауытының жұмысшыларымен кездесті. Компания басшыларының есебін тыңдап, әлеуметтік міндеттемелерді орындауын талқылады. “Қазақойл Ақтөбе” компаниясында былтыр мұнай өндіру көлемі алты пайызға төмендеген. Қазір мұнда 567 адам жұмыс істейді. Оның 75 пайызы өндірісте еңбек етеді. Басым бөлігі –жергілікті тұрғындар. Жұмысшыларға жалақы қарызы жоқ. Керісінше, келер жылы жұмысшылардың еңбекақысын 10-15 пайызға көтеруді жоспарлап огтыр. Орташа жалақы мөлшері - 330 мың теңге. Жұмысшылардың әлеуметтік төлемдері уақытында төленген. Мұнай ұңғымалары бар Байғанин және Мұғалжар аудандарының тұрғындарына 5 миллион теңгеге жуық әлеуметтік көмек көрсетілген. Алайда компанияның өндіріс көлемі азайып кеткен. Компания басшылығы биыл 698 мың тонна мұнай, 506 миллион текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр. Ал Ақтөбе рельс арқалығы зауыты былтыр 76 млр теңгенің өнімін өндірген. Келер жылы өз өнімдерін Әзірбайжан, Өзбекстан мен Тәжікстанға шығаруды жоспарлап отыр. Алайда тұтынушылардың басым бөлігі ескі рельстерді пайдаланғанды жөн көреді. Сондықтан былтыр әлемдегі үздік бес зауыттың қатарына кіретін кәсіпорынның үш мыңнан астам өнімі өтпей қалған. Қазір мұнда 800-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Орташа жалақы 200 мың теңгеден асады. Жұмысшыларға бір мезгіл тегін тамақ беріліп, көлікпен тасымалдайды. Зауыт басшылығы алдағы уақытта қысқартудың болмайтындығын айтады. Жиын барысында әкім биыл қалада ашылатын бірқатар нысандарға да тоқталды. Оның айтуынша, қазір Ақтөбеде хоккейшілерге арналғанм алаң жоқ. Сондықтан спортшылар түн ортасында “Мега Ақтөбе”сауда-ойын сауық орталығына барып жаттығып жүр. 11 мөлтек аудандағы хоккей модулі сәуір айында қолданысқа берілмек. Ал алдағы маусым айында орталық саябақта аквапарк ашылады. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларына жұмыс орындарын сақтауды, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік нысандар салуды тапсырды.Жиын соңында облыс әкімдігі, кәсіпорын басшысы мен аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасында әлеуметтік кепілдіктерді сақтап, еңбек қатынасын реттеу жөнінде меморандумға қол қойылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік мұнайшылардың жалақысы 3 жылдан бері көтерілмеген
  • “Қазақойл-Ақтөбе” ЖШС жұмысшыларды қысқартпайды
  • “Ұлы қабырға” банкротқа ұшыраудың алдында тұр

  • Әкім мұнайшыларға жұмыс ауыстыруды ұсынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге