“Жайсан” мектеп-интернатының 15 оқушысы Астананы аралады

    Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі “Нұр Отан” бастауыш партия ұйымы қауымдастығы қаржылай көмек көрсетті. Соның арқасында 15 жетім бала Астананы көріп қайтты. Сапардан оралған балалардың қуанышында шек жоқ.

    Балаларды Астанаға апару идеясы “Қамқоршылық” қайырымдылық қорының жетекшісі Дмитрий Довматенкоға тиесілі.
    - Біздің қор “Жайсан” балалар үйімен ынтымақтастық орнатты. Балалармен кездесу барысында олар Астанаға барғысы келетіндерін айтып жүрді. Сондықтан біз “Армандар орындалады, біздер Астананы көреміз” атты жобаны әзірледік. Міне, аптаның басында 15 бала Астананы өз көзімен көру үшін жолға аттанды, - дейді облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Довматенко.
    24 ақпанда жетімдер Астанадан Ақтөбеге оралды. Балалар пойыздан түскен бойда күлімсіреп, қарсы алған тілшілерге сұқбат берді.
    - Астанада бәрі керемет! Ханшатыр, Бәйтерек, дельфинарияға бардық. Ол жақта күшті болды, ойнадық, - деп 9 жастағы Слава алған әсерімен бөлісті.
    “Жайсан” арнайы мектеп-интернатында 120 бала тәрбиеленуде. Астанаға баруға тек 15 бала ғана іріктелді. Өйткені 15 баланың ата-анасы түгіл, ешқандай тума-туысы да жоқ.
    - Жазда “Экспо-2017” көрмесіне апару үшін тағы да Астанаға сапар ұйымдастырамыз. Соған қалалық бюджеттен қаржы бөлінеді, - дейді Дмитрий Довматенко.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алты баланың әкесі көмектескендерге алғысын айтты
  • Аз қамтылған отбасы балалары мектепке тап-тұйнақтай дайын
  • Ақтөбеде жыл сайын жүздеген бала жүрек ақауымен туады
  • Ақтөбе – балаға мейірімді қала
  • Ақтөбелік ардагерлер Астанадағы шеруге қатысады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге