Автобустарға электронды төлем жүйесі енгізілуі мүмкін

    Ақтөбе билігі алдағы уақытта қоғамдық көліктерде қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін енгізбек. Олардың пікірінше, бұл өзгеріс салықтық алымдарды арттырады.

    Ақтөбеде қоғамдық көлікті дамыту мәселелері қолға алына бастады. Яғни, алдағы уақытта автобустар жаңартылып, инфрақұрылым дамымақ. Сондай-ақ автобустардың жылдамдығы бақылауға алынып, электрондық билет енгізілмек.
    -Қала тұрғындары үшін мобильді қосымша әзірленеді. Онда автобустың "онлайн" орналасқан жері бейнеленіп, маршруттар және аялдамалар бойынша толық ақпарат болады, жолаушылар тасымалы компанияларының қызметіне қатысты сын мен ұсыныстар жіберуге болады,-деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
    Бұған дейін облыс әкімі өз есебінде биыл жаңадан 230 қоғамдық көлік сатып алынатындығын айтқан еді. Еуропалық стандарттарға сәйкес жаңа, бір түсті автобустарда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған жылжымалы пандустар да болады. Қоғамдық көліктер бюджет қаражатына, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде сатып алынбақ. Бұған қоса автобус аялдамалары да жаңартылмақ. Оларда алдағы уақытта бейнекамералар, тегін Wi-Fi интернет, ақпараттық табло пайда болады. Бүгінгі күні Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен екі мекеме айналысады. Қала билігі алдағы уақытта бұл салада тағы бір бәсекелес компанияның пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
    Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғалидың айтуынша, бүгінгі күні қалада 50 бағыт бойынша 430-дан астам автобус бар. Алайда оның барлығы бірдей күн сайын жолаушылар тасымалдамайды. “Автопарк” ЖШС жұмыс күндері 323 автобустың орнына 270-280 автобус шығарса, демалыс күндері 206-232 автобус қатынайды. "Жолаушылар автокөлігі кәсіпорнында" да дәл осындай жағдай. Қосымша автобустар шықпайды. Бүгінгі таңда 2 жаңа бағыт ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың санының артуына байланысты ""Нұр Ақтөбе" т/м - 8 шағын аудан" және "Юнис СИТИ т/м арқылы" "ГМЗ-ТЖМК" жаңа бағыттырды ашуы ұсынылып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде екі бірдей мемлекеттік мекеменің мекенжайы ауысты
  • Қурайлы халқы қоғамдық көлікке зар болып отыр
  • Автобус жүргізушілері үш күнде 300 рет ереже бұзған
  • Ақтөбеде газбен жүретін автобус паркі ашылмақ
  • Кей автобустардың қозғалыс сызбасы өзгерді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге