Ешкім де ұмытылмайды!

    Ешкім де ұмытылмайды!
    Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов майданда қолдарына қару алып, ерлермен бірге ел қорғаған аналарды — Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Ақ жаулықты аналарға жылы лебізін арнап, сыйлықтар табыс етті.

    Қала басшысы алдымен Ұлы Отан соғысына қатысушы Вера Лоткованың үйіне барды. Вера Лоткова 1924 жылы 15 мамырда Сібірдің Алтай өңірінде дүниеге келген. 1926 жылы отбасы Орынбор облысына көшкен. Майданға 1943 жылы шақырылып, Сталинград қаласындағы №1083 зенитті-артиллериялық полктің 2-дивизионы, 5-батареясына байланысшы қызметіне жіберілген. Содан кейін оның жауынгерлік жолы Киевте, одан әрі Германияда жалғасты. Соғыстан кейінгі жылдарда есепші болып қызмет атқарған. Ал күйеуі қайтыс болған соң 1977 жылы ұлының қолына Қазақстанға қоныс аударады. Қазір қарт ана жалғыз тұрады. Ұлы өмірден өткен соң, Ақтөбе қаласының әлеуметтік көмек орталығы оған арнаулы қызмет көрсетуде. Қарт әже өзіне қамқорлық танытып, баспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген әлеуметтік көмек орталығына ризашылығын білдірді. Қала әкімі Вера Павловнаға шын жүректен зор денсаулық тілеп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ешқашан назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Бұдан кейін қала басшысы соғыс жылдарында ерлік көрсеткен 93 жастағы Ажар Оразғалиеваның үйіне беттеді. Қарт ана ерекше қуанышқа бөленіп, жергілікті билікке алғысын білдірді. Соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі өмірінің қиындықтарымен бөлісті. Ажар әже 10 баланы өмірге әкелген. Білім беру, кейін мұнай өндірісі саласында ұзақ жыл еңбек еткен қарияны балалары мақтан тұтады. Қала әкімі ардагерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады. Ал кейуана елдің амандығын, ұрпақтарының бейбіт елде өмір сүргенін тілеп, ақ батасын берді.

    Бүгінде Ақтөбе қаласында 82 соғыс ардагері болса, оның 13-і әйел адамдар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 100 жасаған аналар бар
  • Ақтөбеліктер Жеңіс күнін тойлады
  • Бердібек Сапарбаев ақтөбелік әйелдерді мерекесімен құттықтады
  • Барлық ауданда Ардагерлер үйі ашылады
  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге