Орталық мешіттің имамы ауысты

    Орталық  мешіттің имамы  ауысты

    Ақтөбе қалалық орталық мешітіне жаңа имам тағайындалды. Ал бұрын бұл қызметті атқарған Серікжан Еншібайұлы басқа қызметке ауысты.

    Жаңа қызметке Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Амантай Садиев тағайындалған. “Нұрғасыр” мешітінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол Атырау облысындағы мешіттерде қызмет еткен. Тіпті, 2010-2014 жылдар аралығында Атырау облысында өкіл имам болған. Жиырма жылдан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан имам Алматы, Ташкент қалаларында және Түркия елінің Маниса қаласында білім алған. Ал осы уақытқа дейін мешіттің бас имамы қызметін атқарған Серікжан Еншібайұлы Атырау қаласына діни қызметін ауыстырған. Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан қос имамның жұмысына сәттілік тіледі. Мешіт ақсақалдары қазақи дәстүрге сай Серікжан Еншібайұлының иығына шапан жауып, баталарын берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Белгілі тележүргізуші анасын мешіт имамының қорқытып жүргенін мәлімдеді
  • Наиб мүфти: Жамағаттың имамдарға көңілі толмайды
  • Ақтөбенің бас имамы қызметінен кетті
  • Бақытбек Тәжімбет Қостанайға ауысты
  • Архимед Мұхамбетов ауызашар берді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге