Қызыл әскерлердің сүйегі қайта қазып алынуы мүмкін

    Ақтөбеде биыл тарихи сквер салынады. Мәдени нысанға 1919 жылы жерленген жауынгерлердің сүйектерімен қоса Революция күрескерлеріне орнатылған ескерткіш-белгі көшірілуі мүмкін.

    Ақтөбеде биыл жаңадан Тарих сквері бой көтермек. Жаңа нысан құрылысы жүріп жатқан Неке сарайы мен Жастар сарайының ортасында орналаспақ. Бұл жерге В.И.Ленин, В.Ф.Зинченко, М.В.Фрунзенің ескерткіштері көшіріледі деп күтілуде. Бұған қоса алдағы уақытта Пушкин саябағындағы революция күрескерлеріне орнатылған ескерткіш-белгі де осы жерге орын ауыстыруы мүмкін. Алайда ең алдымен археологтар 1919 жылы жерленген жауынгерлердің сүйектерін қазып алуы керек. Дәл қазір бұл мәселе нақты шешілген жоқ. Өйткені халықтың пікірінен сескенген облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комиссия шешім қабылдауға асығар емес. Бұл жоба тек жалпы халықтың, тарихшы, этнографтар мен археологтардың пікірінен кейін ғана жүзеге асуы мүмкін. Қоғамдық тыңдау өткізіліп, тек содан кейін ғана ортақ байламға келмек.
    - Бізге жеткен тарихи деректер бойынша, 1918-1919 жылдары қаза тапқан қызыл әскерлерді сол жерге жерлеген. Кейіннен үстіне белгі қойылып, 2007 жылы қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік тізімге кірген ескерткішті жергілікті атқарушы органның ұсынысымен Үкіметтік деңгейде шешу қажет. Мәдениет министрлігінің жанындағы мемлекеттік комиссиядан қандай да бір өзгеріс енгізу үшін рұқсат алу керек. Әркімнің пікірі әр түрлі. Бұл тек бір ғана қоғамдық пікірмен шешілетін мәселе емес,- дейді тарихшы-өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай.
    Бұған қоса биыл Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың біртұтас ескерткішінің де орны ауыстырылады. Тарихи тұлғалардың тас мүсіндері облыстық драма театр маңындағы саябаққа орнатылмақ. Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі заңға сәйкес, ескерткіштің орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салынады. Тек 75 пайыз бұзылғанда, тарихи мәдени құндылығын жоғалтқанда және оның сақталу жағдайын жақсартқанда ғана өзгеріс енгізіледі.

    Төрт ескерткіш тұрғызылады
    Ақтөбеде биыл жаңадан 4 ескерткіш орнатылады. Солардың бірі – Есет Көкіұлының 350 жылдығына орай орнатылатын ескерткіш. Байқау өткізіліп, комиссияға 13 эскиздік жоба ұсынылған. Әзірге олардың ішінде тек үш мүсіншінің еңбегі мақұлданып отыр. Алайда олар әзірлеген жобаларына аздаған өзгертулер енгізуі керек. Мәселен, ақтөбелік Жеңіс Жұбанқосов батырдың астындағы аттың мойын, ауыз тұстарын түзетуі тиіс. Ал Өмірзақ Шанов есімді мүсінші батырдың киімінің кейбір элементтерін антикалық стильде жасаған. Сондықтан оны ұлттық нақышқа өзгертіп, тізгіндеген тұлпарына жүген қосуы тиіс. Мұндай ескерту астаналық компанияның өкіліне де жасалған. Ол садақты қорамсақта жебелермен бірге салған. Комиссия қорамсақ жебенің ғана қабы болғандықтан, садақты өзінің тиесілі жеріне орнатсын деген ескерту берді. Тек осы кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана, Астанадағы мемелекеттік комиссия жеңімпаз мүсіншіні анықтайды. Содан кейін батырдың мүсіні “Нұр Ақтөбе” ауданының маңына орнатылады. Бұдан өзге биыл Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы мен көрнекті ғалым-заңгер, мемлекет қайраткері Нағашыбай Шайкеновке де ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Алғашқысы Хромтау қаласы мен Қарғалы ауылы бағытындағы тас жолдың жол айрығынан бөлінген жерде (Заречный -1 ауылының тұсындағы полиция бекетінің орны ) орнатылса, екіншісі 11 мөлтек ауданда бой көтермек. Бұдан бөлек Байғанин жерінде өткен атақты Табын Бөкенбай батырдың ескерткішін қою да биылғы жоспарға енген. Батырдың тас мүсіні Ақтөбедегі халықаралық әуежай маңына орнатылмақ. Бұл ескерткіштің жобасы 2010 жылы мемлекеттік комиссияның оң қорытындысын алған. Авторы – жергілікті мүсінші Жеңіс Жұбанқосов. Алайда түрлі себептерге байланыс-ты қоладан құйылған ескерткіш уақытында орнатылмай қалған. Ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекцияның бас инспекторы Фархад Досмұратовтың айтуынша, Есет Көкіұлы мен Бөкенбай батырдың ескерткішіне облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Ал қалған екі тарихи тұлғаның тас мүсіндері қор қаражатына тұрғызылмақ.

    Қарғалыда 19 қорған жойылып кетуі мүмкін
    Ақтөбе облысында 650 ескерткіш бар көрінеді. Алайда бұл нақты сан емес. Өйткені бекітілген тізім жоқ. Соңғы үш жылдан бері ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекция облыстағы тарихи-мәдени мұраларды жүйелеу мақсатында ескерткіштерді түгендеу жұмыстарын жүргізуде.
    - Бұған дейінгі дерек бойынша, өңірде 650 ескерткіш бар деседі. Оның 66-сы Ақтөбе қаласында орналасқан. Алайда түгендеу жұмыстары кезінде Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік тізімге енген 35 археологиялық ескерткіштің 13-і ғана табылды. 5-еуіне бұрын арнайы археологиялық қазба жұмыстары жүргендігі, 2 қорған егістің астында қалғаны,1 қорғанның үстіне Ақжар ауылындағы қазіргі молалардың орналасқандығы анықталды. Ал 1 қорған саяжайлардың астында қалған. Тарихи мұра Елек өзенінің Заречный-1 ауылының маңында орналасқан. Ал қалған 13 қорған сол күйі табылған жоқ,-дейді Фархад Досмұратов.
    Инспекция мамандары Қарғалы ауданындағы археологиялық ескерткіштерді де ескі паспорттары бойынша түгендеп шыққан. Алайда 134 ескерткіштің 17-сінің ізі мүлдем табылмаған. Олардың кейбірі құжатсыз болса, енді бірі егіс алаптарын жырту кезінде жойылған. Енді бірі бірнеше атаумен мемлекетттік тізімге енген. Ал 19 қорғанға қазір егістіктердің көбеюіне байланысты жойылып кету қаупі төніп тұр. Заң бойынша, егін егілетін жер қорған орналасқан орыннан 50 метр қашықтықта болуы керек. Аудандық әкімдікке хат жолдаған қызметкерлер жер иелеріне ескерту беріліп, тарихи мұраның жойылып кетуінің алды алынады деген сенімде. “Бұдан бөлек Мұғалжар мен Темір аудандарындағы қорғандардың жойылып кету қаупі бар. Оған мұнай құя ма, әлде ұрлана ма, ол жағы белгісіз” дейді мамандар. Қазір ескерткіштің орналасқан жері географиялық координаттары (GPS ) арқылы анықталады. Бұрын тек көз көргендердің болжамдары арқылы анықталып келген. Сондықтан кейбір ескерткіштің құжаттары болмағандықтан, олардың нақты санын анықтау мүмкін болмай отыр.
    - Жалпы ескерткіш үшке бөлінеді: археологиялық, қала құрылысы және мыңдаған қорғандар тізбесінен тұратын ансамбльдер. Алайда ескерткіш қойылмас бұрын, арнайы комиссиядан өтуі тиіс. Бұл , әрине, қала құрылысына жататын ескерткіштерге қатысты. Алайда көпшілігі алдымен ескерткішті орнатып, содан кейін ғана жергілікті атқарушы органдарға хат жаза бастайды. Бұған осыдан екі жыл бұрын Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ақтөбеде ашылған Тілеу батыр Айтұлына орнатылған ескерткіш куә. Қазір бұл ескерткіш басқалары секілді қалалық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығының қарамағына өтті. Мемлекеттік мекеме оның жан-жағын тазалап, бояу, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты, -дейді маман.
    Қазір археологтар Мәртөк пен Қобда аудандарындағы тарихи ескерткіштердің тізімін нақтылап жатыр. Алайда бұл тізімнің нақты қашан анықталатындығы белгісіз. Ақтөбе облысындағы 12 ауданда орналасқан тарихи мәдени орындарды түгендеуге ондаған жылдар кететіндігі сөзсіз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тілеу батырдың ескерткішІ ашылды
  • Тілеу батырдың ескерткіші ашылды
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫМЕН ҚҰРДАС ЕСКЕРТКІШ
  • Ақтөбеде Тілеу батырға ескерткіш орнатылмақ
  • Малкеждар Бөкенбаевқа ескерткіш қойылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге