Ақтөбелік студенттер бір ай бойы ұлттық киім киеді

    Үнемі студенттеріне ұлттық киім киюді үгіттеп жүретін “Қазақ филологиясы” кафедрасының аға оқытушысы Сақыпжамал Тәшімбаева ұлттық киімнің қадірін білуге шақырады.

    - Менің куратор болғаныма биыл сегіз жыл болады екен. Осы уақыт аралығында 2 топты тәрбиелеп шығардым. Олардың барлығы наурыз айы бойы ұлттық қазақша киініп жүретін. Міне, биыл алған тобым да сол салтымызға адал болып, ұлттық киімді ұлықтап жүр. Өзім де бір ай бойы осы қалыптасқан үрдіспен жүргенді ұнатамын,- дейді Сақыпжамал Тәшімбаева.
    Үнемі ұлттық киім киюге кейбір студенттердің қалталары көтермей жатады. Ондай жағдайда ұстаз ешкімді күштемейтінін айтады.
    - Студенттерді қинамаймын. Оларға өз ұсынысымды білдіремін. “Егер ақшаларыңыз болмаса, қаламасаңыздар, өз еріктерің біледі” деймін. Бірақ, студенттерім сөзімді жерге тастаған кездері болған емес. Студенттеріме ризамын,- дейді мұғалім.

    Әмина Аңшыбаева, 1 курс студенті:
    - Мен Маңғыстаудың қызымын. Бізде бұл үрдіс өте ертеден келе жатыр. Көрісу күні Батыс Қазақстан облыстарының ертеден тойланып келе жатқан мейрамы. Бұл күнде барша жандар бір-бірімен төс қағыстырып, көршілерін, туған-туыстарын аралап шығады. Осы дәстүріміздің арқасында өкпе-реніштерін кешіріп, алған қарыздарын қайтарып мәз болады. Біз наурыз айы басталысымен өзіміздің ұлттық киімдерімізді бір ай бойы киіп жүреміз. Оқу жылының басында қыркүйек айында кураторымыз өзін таныстырып, оқу методикасын, мерекелік шараларын қалай өткізетіндігін қысқаша айтып кеткен. Жағдайымызға қарап кәжекей сатып аламыз, болмаса әпке-жеңгелерімізден сұрап киіп жүргендер де бар.Топтағы ер балалар да ұлттық киіммен жүреді. Қазақы салтымызды сақтап, ұлттық киім киіп жүргенімізді мақтан тұтамыз.
    Ғалым Бигенов, 1 курс студенті:
    Ақтөбе өңіріне таныс емес мереке деп білемін. Батыс, оның ішінде Маңғыстау, Ақтау, Орал өңірлерінде кеңінен таралған. Бұл мереке туралы естігеніме, білгеніме бір жыл болды. Енді жылда атап өтуге уәде беремін. Қазақ болған соң ұлттық құндылықтарды сақтап, әдеп-ғұрпымызды біліп, қазақы болмыста жүруіміз керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қытайдан келген студенттер наурыз тойлады
  • Амал келді - аман көрдім!
  • Малика Дүйсенбаева: Ұлттық өнермен бизнес жасауға болмайды
  • Не киіп жүрсің, студент?
  • ҰЛТ ТАРИХЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге