Дмитрий Васильевтің ісі сотқа түсті

    Дмитрий Васильевтің ісі сотқа түсті

    “Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Маханов сот алдында жауап беретін болды. Алайда алғашқы сот отырысының қашан өтетіні белгісіз.

    Облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досованың сөзінше, қылмыстық іс сотқа 13 наурыз күні кешкілік түскен. Дмитрий Васильевке Қылмыстық кодекстің 189 бабының 4-бөлігі, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденгені және талан-таражға салғаны үшін күдік келтірілуде. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысына үш бірдей бап бойынша айып тағылуда. Оған “бөтеннің мүлкін иемденуге және талан-таражға салуға жәрдемдескен” және “билікті немесе қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған” деген күдік келтірілуде. Естеріңізге сала кетелік, Васильев 2016 жылдың 30 қарашасынан бері қамауда отыр. Ал облыстың спорт саласына жауапты болған Ескендірбек Махановтың қамауда отырғанына 4 айға жуық уақыт болды. Алайда атышулы істің қашан басталатындығы белгісіз. Қазір басты сот талқылауының қашанға тағайындалатындығы шешіліп жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тағы екі адам қамауға алынды
  • “Ақтөбе” ФК даму жоспарын жүзеге асыра бастады
  • “Ақтөбе” ФК-ның бас директоры Дмитрий Васильев жергілікті журналистерді сынады
  • Дмитрий Васильев – “Ақтөбе” ФК жаңа бас директоры
  • "Альянс банктің" экс басшысына айып тағылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге