Ақтөбеде EXPO-2017 халықаралық көрмесінің билеттері сатылуда

    Ақтөбеде "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне арналған ресми билеттер кассасы ашылды. Касса "Керуен Сити" ойын-сауық орталығының екінші қабатында орналасқан. Билеттерді бірінші болып "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары сатып алды.

    Биыл қазақстан тарихындағы ең үлкен көрме – ЭКСПО өтеді. 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеге 115 ел мен 18 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде. Көрме 98 күнге созылады. Екі миллион турист келеді деп күтілуде. Келушілердің жалпы саны шамамен 5 миллионды құрайды деген болжам бар. Ақтөбедегі “Керуен Сити” ойын-сауық орталығында ресми билеттер кассасы ашылды. Касса таңертең сағат 10-нан кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
    Гүлсана Нұржанова,
    билет сатушы:
    - Билеттерді "Марвин" дүкенінен, "Қазпошта" бөлімшелерінен және "ЭКСПО-2017" ресми сайтынан сатып алуға болады. Билеттерді алғаш болып "Ақтөбе" шағын футбол клубының ойыншылары Павел Таку, Григорий Шамро және Қайрат Иманалиндер сатып алды.
    Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және 6 жасқа толмаған балаларға көрмеге кіру тегін. Сондай-ақ, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларға 50 пайыздық жеңілдік жасалады. Билеттер құны 4000-8000 теңгенің арасын құрайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік сазгерлер ЭКСПО-ға арнап ән жазуда
  • Ақтөбеде Президент шыршасы өтті
  • Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне билеттер 24 желтоқсанда сатыла бастайды
  • Басты символдың бағасы – 105 млрд теңге
  • Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге