Былтыр суға кеткен аудандар бақылауға алынды

    Ақтөбеде әзірге су тасқыны болу қаупі жоқ. Бүгінгі күні 17 мың текше метр су сорылған. Бұл жөнінде қалалық су тасқынына қарсы штаб бастығы Бекболат Нұрашев айтты.

    Ақтөбеде су тасқынын болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір қала көшелерінде 55 техника су сорып жатыр. Аулалар мен үйлерді құрғату үшін 450 тоннаға жуық инертті материал жеткізілген.
    - Жағдай қалыпты. Ақтөбеде суға кету қаупі жоқ. Өйткені қала көшелерінен күні бүгінге дейін 600 мың текше метр қар палигонға шығарылды. Қазір қала көшелерінде 55 ассенизатор су сорып жүр. Негізі 100 техника қарастырылған. Алайда бүгінгі күні барлығына бірдей қажеттілік жоқ. Ақтөбе, Сазды, Қарғалы өзендеріндегі су деңгейі де бірқалыпты. Былтыр суға кеткен аудандар қатаң бақылауға алынды. Алайда сәуір айының ортасында күн күрт жылып, далалықтағы сулар ерісе, елдімекендерге қауіп төнуі мүмкін, -дейді Бекболат Нұрашев.

    Су тасқынына қарсы күреске қалалық бюджеттен 450 млн теңге бөлінген. Алайда бұл қаржы қауіп төнген жағдайда көбеюі мүмкін. Аулалар мен үйлер еріген су астында қалмау үшін 4 мың тонна инертті материал әзірленіпті. Қала тұрғындары төтенше жағдай болған жағдайда су тасқынына қарсы штабтың 24-18-43 және 24-18-48 нөмірлі телефондарына хабарласуына болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Су қоймаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр
  • Ақтөбеде ондаған үйді еріген қар суы басты
  • Ақтөбе шенеуніктері су басу қаупі бар аймақтарды атады
  • штабқа жалған қоңыраулар жиі түсіп жатыр
  • Штабқа 102 қоңырау түскен
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге