“Тұрғындар қалашығынының” адамдары жүрек ауруына жиі шалдығады

    Ақтөбенің “Тұрғындар қалашығы” ауданында тұратындар арасында жүрек ауруы жиілеп кеткен. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жүргізген мониторингтің негізінде мамандар осындай қорытынды жасады. Бұл туралы департамент басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді.

    - Ақтөбедегі ауасы ең лас аудандардың қатарында “Тұрғындар қалашығы”, Рысқұлов көшесі, Әбілхайыр хан бойы, 11 мөлтек ауданына дейінгі аралықтың ауасында күкірсутек деңгейі қалыпты жағдайдан асып кеткен. Осы аудандардың ауа бассейні ластану шегіне көктем, жаз, күз мезгілдерінде жетеді. Ауа бассейні ең ластанған аудан “Тұрғындар қалашығы”. Қаланың ескі бөлігі мен осы ауданды салыстырғанда, “Тұрғындар қалашығының” адамдары жүрек ауруына жиі шалдығатыны анықталды. Бірақ, “Тұрғындар қалашығының” адамдары арасында жүрек ауруының жиілеп кеткені ауаның ластануынан болды деп кесіп айту қиын, бұл әлі зерттеліп жатыр, - деді департамент басшысы.
    Департамент тарапынан облыстың елді-мекендерінен 21 429 атмосфералық ауа сынамасы алынған. Оның ішінде 132 сынамада күкіртсутек, формальдегид, көміртегі тотығы, күйе, аммиактың жоғары екені анықталған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе түрмесіндегі қар қалашығы
  • Ақтөбеде жедел ішек ауруы көбейіп кеткен
  • ҚЫЗЫЛША - ӨТЕ ҚАУІПТІ АУРУ
  • Ақтөбедегі жағымсыз иістің үш себебі
  • Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге