Автобус жүргізушілері Бердібек Сапарбаевтан араша сұрады

    №7 маршрут жүргізушілері “Автопарктің” басшылығына наразы. Олардың күніне тапсыратын жоспары 25 мың теңгеге дейін көтерілген. Сондай-ақ, жүргізушілер салықтың дұрыс төленетіндігіне күмән білдіруде.

    Бүгін, 31 наурыз күні №7 маршруттың жүргізушілері жұмысқа шыға алмады. Оның орнына 20-дан астам жүргізуші “Автопарктің” алдында наразылық акциясын жариялады. Айтуларынша, күн сайынғы жоспар 25 мың теңгеге дейін көтерілді.
    - 23 мың теңгені әрең тапсырып жүргенде 25 мың теңге қайдан жиналсын? “Тапсырмасаңдар, жұмыстан шығыңдар. Қайда барсаңдар, сонда барыңдар. Әкімдік жаңа автопарк ашып жатыр, соған кетіңдер” деп басшылық кеше жиналыста айтты. Олар мұны салық комитетінің нәтижесімен байланыстырып отыр. Яғни күніне әр автобустан 40мың теңгеден астам табыс түсетін секілді. Бұл олай емес, әр күн әрқилы, - дейді №7 маршруттың жүргізушісі Нұркен.
    Наразы топтың сөзінше, жанармайдың құны да, кондуктордың жалақысы да жүргізушілердің мойнында.
    - Біз ақымақ емеспіз. Олардың (“Автопарктің” – авт.) салықты қалай төлеп отырғанын білеміз. Жанармайды өздері бергендей қағазға жазып қояды. Бірақ шын мәнінде жанармай үшін біз төлейміз. 40 литр соляркаға 7300 теңге кетеді, - дейді Нұрлан Ешимов
    Ашынған жүргізушілер күндік жоспардың да ай сайын көтерілетіндігін айтады. Ал тәртіп бұзып, жолаушылардан шағым түссе, қалталарынан қағылады.
    - Әр ай сайын тапсыратын жоспар мөлшері көбеюде. Алатын жалақымыз – 45-50 мың теңге. Бірақ оны да кейде алмаймыз. Өйткені жол апатына түссек, айыппұл салынса, жолаушылардан шағым түссе, біздің айлығымыздан шегеріледі. Амал жоқтықтан, жоспарды орындау үшін жол тәртібін бұзуға барамыз, - дейді Еркебұлан Қартбаев.
    Жоспарды 20 мың теңгеге дейін түсіруді талап етіп отырған жүргізушілер облыс әкімінен көмек сұрады.
    - Базарды жол кептелісінен тазартқандай, осы жерге де әкім келсін, басшылықты тексерсін. Олар бізді тығырыққа тіреді, - дейді күйінген жүргізушілер.
    “Автопарктің” басшылығы жоспардың 25 мың теңгеге көтерілгенін растап отыр.
    - Салық тексерісінің нәтижесінде әр жүргізуші осыншама пайда көреді деп анықталды. Сондықтан 14 наурызда жоспарды 1 мың теңгеге арттырдық. 28 наурызда №7 маршруттың әр жүргізушісі орта есеппен 4 290 теңгеден тапсырмады. 29 наурызда жоспарды орындау үшін 6 мың теңгеден жетпеді. Олар алдын ала сөз байласты. 2 күннің ішінде бүлік шығарып отыр, - дейді “Автопарк” ЖШС-нің директор міндетін атқарушы Айбек Сәрсенғалиев.
    Толығырақ “Керек.INFO” газетінен оқисыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хромтау мен Темір аудандары жоспарды орындамаған
  • Автобус жүргізушілері күндік жоспарды көбейтуге қарсылық танытты
  • Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылық білдірді
  • Үздік автобус жүргізушілері анықталды
  • Автобус жүргізушілерінің әйелдері наразылық білдірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге