Ақтөбеде сәбиін сатқан келіншектің соты басталды

    Ақтөбеде жаңа туған нәрестені 60 мың теңгеге сатқан келіншектің ісі сотта қарала бастады. 32 жастағы Жанна Ақаласовамен қатар арада делдал болған әйел мен сатып алушы да заң алдында жауап беріп жатыр.

    Мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Сандыбайдың айтуынша, тұрмысқа шықпаған келіншек өзінен 7 жас кіші жігіттен жүкті болып қалған. Алайда баланың әкесі құрсақтағы сәбиден бас тартады. Сол себепті ол өзінің жақын құрбысына баланы басқа отбасыға беретін ойы бар екенін айтады. Айы-күні жеткен келіншек биыл 16 қаңтарда ер бала босанған. Соңыра екі күннен соң Жанна шарананы баласы жоқ отбасыға 60 мың теңгеге сатып жіберген. Сот алдында қазір баланың анасы Жанна Ақаласовадан бөлек арада делдалдық қызмет атқарған құрбысы Данагүл Ө. мен баланы сатып алған Дина Д. да жауап беріп жатыр. Тергеу органдары оларға Қылмыстық Кодекстің 135-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ( “кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату үшін адамдар тобының алдын ала сөз байласуы” ) бойынша айып тағуда. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеп, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралып жатыр. Сот отырысында Жанна Ақаласова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
    -Менің қылмыс жасайтын ойым болған жоқ. Ол кезде жұмыссызбын, тұратын жерім де болған жоқ. Әрі жеке куәлігім де жалға алған пәтерімде кепілде жатқан. Сондықтан бар ойым пәтер ақысын төлеп, жеке куәлігімді қайтарып алу еді. Әуелгіде екі ойлы болып жүрдім. Баламды жағдайымды түзеп алғанша үш жылға балалар үйіне тапсырғым келген. Алайда құрбым баласыз отбасы бар екенін айтып, сәбиімді беруге көндірді.Әке –шешем болмағандықтан, баламның толық отбасыда өскенін қаладым. Қазақта “орамал” деген бар ғой. 60 мыңды сол үшін алдым.Енді баламды қайтарып алғым келеді,-деді ол.
    Сот отырысында әйелдің 30 мың теңгені делдалға бергені анықталды. “Сіз ақшаға мұқтажсыз. Құрбыңыз жұмыс істейді, жағдайы жақсы. Сөйте тұра 30 мың теңгені неге бердіңіз?!” деген судья Н. Ормахановтың сұрағына ол жауап бере алмады. Тек құрбысының бұл ақшаны арадағы тағы бір адамға беруі керектігін айтқандығын жеткізді. Баланы сатып алған Дина Д. айтуынша,өзінің екі бірдей баласы көп жылдан бері сәби сүйе алмай келеді.
    - Менің үлкен балам мен келінім 8 жылдан бері, кішісі 4 жылдан бері бір перзентке зар. Мен бұл қадамға шарасыздықтан бардым. Қиналып жүргендіктен, ақшаны көмек болсын деп бердім. Баланы сатып алу ойымда да болған жоқ. Қаншама сәбиді далаға да тастап кетіп жатыр ғой. ..-деп жылады ол.
    Белгілі болғандай, 3 айлық Әділ қазір балалар үйінде. Денсаулығы да жақсы. 32 келіншек бұған дейін автопарктердің бірінде кондуктор болып жұмыс істеген. Әділден бөлек тағы 8 жастағы баласы бар. Алайда 32 жасағы келіншек кезінде балалар үйіне тапсырған ұлының тағдырынан еш хабарсыз болып шықты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде есірткі сатқан күдіктінің соты басталды
  • Сәбиін сатпақшы болған әйелдің ақыл-есі кем боп шықты
  • Ақтөбенің тұрғыны сәбиін 200 мыңға сатпақшы болған
  • Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған
  • Сот бір басында 34 несиесі бар алаяқ әйелдің ісін қарап жатыр
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге