Төлемесең - емделмейсің!

    Төлемесең - емделмейсің!

    Денсаулық саласында жаңа өзгерістер болмақ. Енді ақтөбеліктер өздерінің учаскелік емханаларына тіркелмесе, тегін емделе алмайды. Өзінің әлеуметтік статусын анықтамаған адамға медициналық көмек көрсетілмейді.

    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Медицина қызметі екі әлеуметтік пакетке бөлінген. Оның бірі базалық, яғни әдеттегі жедел жәрдем, шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда қолданылады. Ал екінші әлеуметтік пакет – медициналық сақтандыру. Бұл пакетке дәрігерлердің жоспарлы тексерістері, стационарлық емделу, түрлі тексерістер мен зерттеулер кіреді. 5 сәуір мен 31 маусым арасында акция жүріп жатыр. Осы аралықта әр ақтөбелік өз учаскелік емханасына барып тіркелуі міндетті. Ол үшін өзіңіздің учаскелік емханаңызға хабарласып, төлқұжатыңыздағы ЖСН нөміріңізді айтсаңыз жеткілікті.
    - Емханаға хабарласып, ЖСН нөміріңізді айтқаннан кейін өзіңіздің статусыңызды анықтап аласыз. Егер адам жұмыссыз болса, онда міндетті медициналық сақтандыру қорына ол үшін мемлекет ақша аударатын болады. Жұмыссыз екеніңізді дәлелдеу үшін еңбекпен қамту мекемесіне немесе халыққа қызмет ету орталығына баруыңыз қажет. Егер өз бизнесіңіз болып, ешкімге жұмыс жасамайтын болсаңыз, өз-өзіңізді жүмыспен қамтып отырған азамат ретінде Қазпоштаға немесе екінші дәрежелі банктерге барып, белгілі бір сомманы сақтандыру қорына аудару қажет. Балалар мен зейнеткерлер, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған әйелдер мемлекет есебінен емделетін болады,- дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әсет Қалиев.

    Егер ақтөбеліктердің медициналық сақтандыруы жоқ болған жағдайда, қандай да бір дәрігерлік көмекті тек қана ақылы түрде ала алады.
    Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, осы жылдың 1 маусымынан бастап жұмыс жасайтын адамдар үшін жұмыс беруші ай сайын сақтандыру қорына ақша аударатын болады. Өзін - өзі жұмыспен қамтып отырғандар ай сайын 2446 теңге төлейді. Бұл ең төменгі жалақының екі есе төмен бағасының 5 пайызы. Медициналық сақтандыру қорына жұмысшылардың жалақысынан 2019 жылдан бастап ақша аударылатын болады.
    - Адамдар арасында “бір жыл бойы ауырмадым. Тек ауырған кезімде ғана төлеймін” деген жалған түсінік қалыптаспауы керек. Соңғы үш айда сақтандыру қорына ақша түспеген болса, ешқандай емделу туралы әңгіме де болмайды,- деді Әсет Қалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кім тегін емделеді?
  • Денсаулығың үшін жарна төлейсің
  • Биыл Ақтөбеде медициналық 5 нысанның құрылысы басталады
  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары өседі
  • Шекарадағы әуре - сарсаң
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге