Ақтөбеде интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

    Ақтөбелік полицейлер облыс тұрғындарына интернет –алаяқтардан сақ болуды ескертеді. Өйткені қазір жеке тұлғалардың карточкалық шоттарынан қаржы ұрлаушылар көбейген.

    Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтар “Колеса.кз” және “Крыша.кз” сайттарындағы жарнама беруші азаматтарға мүлікті сатып алушы ретінде хабарласады. Соңыра жәбірленушілерден банк карточкаларына алдын ала төлем аударуды жүзеге асыру үшін карт шоттарының деректемелерін сұрап, бұл деректердің жеке тұлғалардың интернет банкингіне тіркеу үшін қажеттігін айтқан. Кейін жәбірленушілердің нөмірлеріне бір реттік СМС-пароль (құпия код) жолданады. Әрі қарай ешнәрседен күдіктенбеген жәбірленушілер осы құпия кодты қылмыскерлерге өз еркімен ұсынған. Ал онлайн-алаяқтар тиісінше қаражатты басқа карточкалық шоттарға аударып отырған.
    Тергеу барысында алданып қалған ақтөбеліктердің көпшілігі интернет желісіндегі несие алуға көмек беру туралы жалған хабарламаларға немесе интернет дүкендерден тауар сатып алу хабарламаларға алданып, терминалмен «Киви-кошелок» арқылы қаржы аударғандары анықталған. Ақшаны алғаннан кейін қылмыскерлер бұрын жарияланған хабарландыруларын жойып жіберіп отырған. Осылайша, азаматтар тапсырыс берілген тауарларын ала алмай не ақшасын қайтара алмай, алаяқтардың құрбанына айналған. Бүгінде осындай 30 дерек белгілі болған.
    Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті алаяқтардан сақ болуға шақырады. Күмәнді жағдайлар туындаған кезде алаяқтықтан құтылу үшін клиенттерді қолдау орталығына хабарласу қажет және карточкалық шоттардың дербес деректерін ешкімге бермеу керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақтелеком: Балаңызды бақылауда ұстаңыз
  • Прокуратура: Алаяқтардан абай болыңыздар!
  • Ақтөбелік “алаяқтықтың жаңа түрінен зардап шеккенін” айтты
  • "Халық банк" алаяқтық күдігімен 48 карточканы оқшаулады
  • Сот 5 адамды алдаған айелдің ісін қарай бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге