“Газға қатысты тергеу әділетсіз жүрді”

    “Газға қатысты тергеу әділетсіз жүрді”

    Өңірлік кәсіпкерлер палатасы газға қатысты тергеуді әділетсіз деп санайды. Сондай-ақ, “Рамазан” мен "Ақтөбе-Нанның" жауапқа тартылуын орынсыз деп есептейді.

    12 сәуірде “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында Ақтөбе облыстық прокуратурасының көшпелі алқа мәжілісі өтті. Жиында құқықтары шеттетіліп қалған кәсіпкерлер жайында сөз қозғалды. Нақтырақ айтқанда, “Рамазан” ЖШС және “Ақтөбе-Нан” АҚ заңды бұзбаған, баға туралы алдын ала бір-бірімен келіспеген. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мирлан Бисенғалиев осылай дейді. Ол прокурорлардың алдында монополияға қарсы комитеттің тергеу жүргізгендегі олқылығын айтып берді.
    - Сот шешімін саралай келгенде, баға келісімі туралы растайтын нақты дәлелдемелердің жоқтығына көз жеткіздік. “Ақтөбе-Нан” 16 маусымда нанның бағасын 73 теңгеге дейін көтерді. Ал “Рамазан” 20 маусымда ғана нан бағасын 69 теңгеге дейін жоғарылатты. Сонысымен бәсекелестік шарттары сақталды. Оның үстіне, тұтынушыда таңдау болды. Тұтынушы 73 теңгенің нанын жей ме, әлде 69 теңгенің бөлкесіне қанағат тұта ма, өз еріктерінде еді. Бірақ мұны өкілетті орган ескерген жоқ, - дейді Мирлан Бисенғалиев
    Оның айтуынша, үкімет ұнға субсидия бөлмей қойған соң, ұнның бағасы күрт жоғарылап кетті. Сондықтан наубайханалар нан бағасын көтеруге мәжбүр болған.
    Сондай-ақ, Мирлан Бисенғалиевтің сөзінше, монополияға қарсы орган газға қатысты тергеу амалдарын әділетсіз қараған.
    - Істі ашу үшін облыстық энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хаты ғана себеп болды. Алайда нақты дәлелдемелер жоқ. Газдың көтерме бағасының өсіп кеткендігін өкілетті орган ескермеген. Ал көтерме бағаны энергетика министрлігі реттейді, - дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Анвар” мен “Дина” бағаны негізсіз көтерген
  • Дүкендерге қатысты тергеу жұмыстары басталды
  • Азық-түлік бағасы қымбаттады
  • Шалқарда бір көмеш нан 90 теңге болды
  • Маман: Бағаны бақылап отырмыз
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге