Ақтөбелік кәсіпкерлерді негізсіз тексеру жиілеп кетті

    Өзге өңірлерден гөрі Ақтөбе облысында кәсіпкерлер тексеріске жиі ұшырайды. Заңсыз тексеріс жүргізген мемлекеттік органдар жауапқа тартылды. Осындай тексерістер кезінде ақтөбелік алты кәсіпкер 340 миллион теңгесінен қағылды.

    Тексеріс жүргізу бойынша алдыңғы қатарда Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, Мемлекеттік кіріс департаменті және Төтенше жағдайлар департаменті тұр. Тап осы мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің мазасын жиі алады екен.
    - Егер 2015 жылы кәсіпкерлердің қызметі 2 мың рет тексерілсе, 2016 жылы ол көрсеткіш 6,5 мыңға жетті. Соның жартысы, яғни 3,5 мың тексеріс нәтижесіз болып шықты. Осының кесірінен тексерушілер босқа уақыт жұмсады, ал кәсіпкерлер табыстарынан айырылды, - дейді облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Қанат Нихимбеков.
    Кәсіпкерлердің үстінен негізсіз түрде қылмыстық істер ашылады. Прокурорлық тексерістің арқасында кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу 5 есеге қысқарды. 2015 жылы 244 қылмыстық іс болса, 2016 жылы тіркелген істер саны 43-ке азайды. Дегенмен, 2015 жылдан бері кәсіпкерлер үлкен зардап шекті.
    - 2015-2016 жылдары қылмыстық қудалауға 1540 кәсіпкер ұшырады. 6 кәсіпкердің 18 шотта жатқан 340 миллион теңгесіне тыйым салынды. Электронды қолтаңбаны тәркілеу арқылы 6 кәсіпкердің қызметі тоқтады. 53 кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттамасы тартып алынды. Кей жағдайда құқық қорғау органдарының қызметі заңсыз болғанын атап өту керек, - дейді прокурор.
    Өзге өңірлермен салыстырғанда Ақтөбе облысында кәсіпкерлер 15 пайызға артық тексеріске ұшырайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Анвар” мен “Дина” бағаны негізсіз көтерген
  • Жеке кәсіпкерлік прокуратураның қорғауында болады
  • Кәсіпкерлер “Трансэнергоны” сотқа берді
  • Прокуратура былтыр 233 кәсіпкердің құқығын қорғаған
  • Екі мың кәсіпкердің құқығы бұзылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге