Мұғалжарда 450 адам теріс ағымды ұстанады

    Мұғалжар ауданында 450 адам жат ағымның жетегінде жүр. Олардың арасында отбасымен адасып жүргендер де бар. Бұл жөнінде аудан әкімі Ербол Данағұлов “Ақтөбе-ақпарат” орталығында өткен баспасөз конференциясы кезінде айтты.

    Аудан әкімінің сөзінше, адасқандарды тура жолға түсіру оңай жұмыс емес. Сондықтан биыл теріс ағымнан сақтандыратын орталық ашылды. Дегенмен сауатты маман тапшы.
    -Ауданда қазір 10 мешіт бар, оған 800-ге жуық адам барады. Алайда оның 450-і - адасып жүрген бауырларымыз. Яғни, 192 отбасы өзге ағымның жетегінде жүр. Аудандағы діни ахуалды жақсарту мақсатында ішкі саясат бөлімінің жанынан орталық аштық. Оған сауатты теологтар керек. Жақында Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне барып қайттым. Онда қазір Ақтөбе облысынан 53 студент білім алып жатыр. Оның екеуі биыл оқу бітіріп, Қандыағаштағы орталыққа жұмысқа келуге ниет білдіріп отыр. Дін орталығына 15 адам жұмысқа алынады. Оның жетеуі қоғаммен байланыс орнатса, қалғандары дін тұрғысында жұмыс істейді,-дейді Ербол Данағұлов.
    Алайда аудан әкімі дүдәмал діннің жетегінде жүргендермен күресудің қиындығын мойындайды. Қазір олармен теологтар сөйлесіп жатыр. Олардың санын мамыр айының соңына дейін 8 адамға азайту жоспарланып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алға ауданында 124 адам салафизм бағытын ұстанады
  • Ақтөбеде Мұғалжар ауданында хиджап киетін оқушылар саны артқан
  • Террористер мен олардың әйелдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
  • Мұғалжарда теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар
  • Жоғалған жасөспірімнің анасы: Теріс ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге